Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Жұмыстардың орындалу сапасын бақылау  Просмотрен 27

Құрылыс жұмыстарының сапасын өндiрiстiк бақылау жұмыстық құжатты, құрылымдарды, бұйымдарды, материалдар мен шикiзаттарды кiрер бақылауды, құрылыстық немесе технологиялық үрдiстердiң жекеленген өндiрiстiк түрiн опреациялық бақылауды жəне орындалған жұмыстардың қабылдау бақылауын қамтиды. Операциялық бақылау технологиялық үрдiстi немесе өндiрiс операциясын орындау барысында жүргiзiлiп, бұзылуларды өз уақытында анықтауды жəне олардың пайда болу себептерiн жоюды қамтамасыз етуі керек. Сапаны операциялық бақылаудың жұмыстық карталары бойынша операциялық бақылау жүргiзiледi. Операциялық бақылау нəтижелерiнде анықталған нормативтiк құжаттар мен жұмыстық сызбалардан ауытқулар шұғыл жойылу керек. Жұмыстар өндiрiсiнiң бекiтiлген жоба мен нормативтiк құжаттарға сəйкес келмеуi жұмыстарды тоқтатуға негiз болып табылады. Топырақтың тығыздығы сынақ үлгiлерiн ала отырып барлық топырақпен құбырды жабу жəне оны тығыздау барысында жүргiзiледi. Тығыздық құбырдың екi жағынан буындардың қабырғаларынан 0,1 жəне 1,0 м қашықтықта əр 0,5 м биiктiкке тексерiледi. Сынақ саны - əр нүктеде екiден кем емес. Құм жəне саз топырақтардың тығыздығын Н.П. Ковалевтiң тығыздық-ылғалдықөлшегiшi көмегiмен, ал шағыл тас – малта тас жəне ұсақ тас қиыршық тас топырақтардiкi – көлем алмастыру əдiсi бойынша бағаланады. Құбырладың құрама элементтерiн жасау мен оларды монтаждау барысында құрылысты тұрақты пайдалануға тапсыру үшiн қажет орындау құжатын толтыру керек.

Орындау құжаты мыналарды қамтыуға тиiс:

1) Аяқталған құрылыстың орындау сызбалары;

2) Жабық жұмыстар картасы;

3) Қолданылған материалдардың сапасын сипаттайтын құжаттар (цементтiң, бетон мен ертiндiнiң толтырушылары мен қоспаларының, битумның, матаның жəне т.б.);

4) Орындалған жұмыстардың сапасын сипаттайтын құжаттар: бетон мен ертiндiнiң үлгiлерiн сынау нəтижелерi; топырақ төкпесiнiң тығыздығын тексеру нəтижелерi мен физикалық жəне механикалық сипаттамалары; арықты бекiту мен құбырдың бас буындарының жанындағы үйiндi құламаларын кепiлдендiру нəтижелерi; құбыр астауын топырақпен жапқанға дейiн жəне одан кейiн нивелирлеу нəтижелерi;

5) Жұмыстар журналы;

6) Котловандарды, негiздер мен iргетастарды жасауға, буындарды бас буындармен монтаждауға, гидроизоляция жасау мен құбырлардың буындарының тiгiстерiн бiтеуге, құбырды топырақпен жабуға, арықтарды бекiтуге жəне толық салынып бiткен құбырларға жасалатын жабық жұмыстарға арналған реперлер мен осьтiк белгiлердiң тiзбесi. Орындау сызбаларында жобадан барлық ауытқуларға сiлтемелер көрсетiле отырып, сол ауытқулар белгiленуi керек.

Предыдущая статья:Жұмыстық технологиялық карталарды жасау Следующая статья:Жұмыстар өндiрiстiндегі қауiпсiздiк техникасының талаптары
page speed (0.0484 sec, direct)