Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Жұмыстық технологиялық карталарды жасау  Просмотрен 31

Жұмыстық технологиялық картаны типтiк технологиялық карталар негiзiнде оларды жергiлiктi жағдайларға байланыстыра отырып жасайды. Олардың құрамына мыналар енедi: I – қолдану аясы; II - өндiрiстiк үрдiстiң технологиясы бойынша нұсқаулар; III – еңбектi ұйымдастыру бойынша нұсқаулар; IV – құбырды салу графигi; V – негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштер; VI – еңбек шығынының калькуляциясы; VII – материалдық-техникалық ресурстар: а) негiзгi материалдар; ə) машиналар, жабдықтар; б) аспаптар мен инвентарьлар; VIII – жұмыстар сапасын опреациялық бақылау картасы. Картаны байланыстыру кезiнде əртүрлi талаптарды тiзiудiң орнына сол талаптар жазылған нормативтiк құжаттарға сiлтемелер беру қажет. Байланыстыру құбырдың құрылыстық бас жоспарын жасаудан басталады. Ол үшiн жерасты жəне жерүстi коммуникациялар белгiленген жер картасының горизоталь сызықтары бойынша су ағатын арықты бұрып алып кету, жұмыс өндiрiсi алаңынан суларды ағызып əкету жобаланады, құнарлы қабаттың топырағы мен арықтарды тазалағаннан шыққан топырақтарды жинап қоятын орындар, су ағызатын арық пен жолдардың орындары көрсетiледi. Құрылыстың бас жоспарында котлованның контуры көрсетiледi, монтаждалатын құбыр элементтерiн орналастыру, жабдықтарды (электр стансасы, бетонаралсатырғыш), материалдарды орналастыру жобаланады, жұмысшылардың тұрмыстық жағдайларын ұйымдастыруға байланысты жəне с.с. шаралар қарастырылады. Бетондық тиеу-түсiру жəне монтаждық жұмыстардың өндiрiсi үшiн кранның технологиялық сипаттамасы нақтыланады.

Бұл жағдайда кранның “жүккөтерiмдiлiк-стрела ұзындығы”, құбырдың монтаждалатын элементтерінiң массасы жəне кранның ықтимал тұруларының орындары сияқты сипатталмаларды жетекшiлiкке алады. Қандай да бiр жұмыс түрiн орындағандағы кран қозғалысының схемалары мен оның тұрақ орындары құрылыс алаңының планында белгiленедi. Жұмыстық техннологиялық картаның келтiрiлген бөлiмдерi төмендегiдей ақпараттарды қамтиды: Қолдану саласында пикетажға байланыстырылған құбырдың орны, күнтiзбелiк графикке сай жұмыстар өндiрiсiнiң уақыты, құбырды жобалауға негiз болған типтiк жоба. Климаттық, топырақ-гидрологиялық жағдайлар, жер рельефi мен жұмыстар өндiрiсiмен байланысты басқа да ерекшелiктерi айтылады. Өндiрiс процессiнiң технологиясы бойынша нұсқауларда ең алдымен технологиялық карталарға енгiзiлген жұмыстар құрамы берiледi. Одан əрi жұмыс құрамдарының технологиялық байланыстырылуы жүргiзiледi. Технологиялық байланыстыру кезiнде ертiндiнi даярлау жағдайлары, бетонды дайын қалпында жеткiзу немесе орындарында даярлау айтылады, бұл араласпалардың құрамдары келтiрiледi, ал орнында даярланғандардың құрамы бақыланады. Қажет болған жағдайда технологиялық байланыстыру кезiнде жұмыстар өндiрiсiнiң уақытының немесе топырақ жағдайларының ерекшелiктерiн есепке алады.

Предыдущая статья:Астауларды салу Следующая статья:Жұмыстардың орындалу сапасын бақылау
page speed (0.0248 sec, direct)