Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Топырақ қаптамасын жасау жəне құбырды жабу  Просмотрен 20

Топырақ қаптаманы құбырды жобалық белгіге дейін топырақпен жабумен бірге ортақ технологиялық үрдіспен жасайды.

Құбыр қосымша қорғаныс жамылғысы жағылғаннан кейін үш тəулік ішінде топырақпен жабылуы керек.

Топырақ қаптама мен құбырды жабуды жер төсемесін салудан бұрын жүргізу керек. Үйінділерде құбырлар салу үшін қалдырмалар жасау жобада негізделу керек. Бұл жағдайда қалдырманың төменгі ені екі жағында кем дегенде 4 м болуы керек. Құбырлардың топырақ қаптамасын жасауды жобада көрсетілген геотекстильмен жəне геоторлармен арматураланған топырақтардан жасау керек. Диаметрі 3 м-ге дейінгі құбырларда арматураланбаған топырақ қаптама жасау үрдісі төмендегі жұмыс түрлерін қамту керек:

- топырақты құбырға карьерден немесе резервтен өзітөккіш автомобильдермен немесе скреперлермен тасмалдау;

- топырақты бульдозермен берілген қалыңдықтағы қабаттар түрінде жаю;

- топырақты қабаттап тербеліс немесе пневматикалық тығыздағыштармен тығыздау, құбырға жақын жерлерде тербеліс тақталармен құбырдың қыртыстарындағы топырақты шұқылай отырып тығыздау;

- төселген топырақтың тығыздығын бақылау;

Құбырдың қабырғасынан 1 м-ден қашық жердегі оның горизоталь диаметрі деңгейіндегі топырақты тегістеу үшін жол үйінділерін тығыздауға пайдаланылатын барлық тығыздағыш құралдар қолданылады. Диаметрi үлкен құбырларды арматураланған қабаттармен топырақ қаптама жасай отырып жабады. Қабаттардың қалыңдығы есептеу бойынша жəне тығыздағыш құралдарға байланысты қабылданады:

- тербелiс тығыздағыштар үшiн – 0,3-0,6 м;

- пневматикалық тығыздағыштар үшiн – 0,3 м-ге дейiн.

Құбырлардың қабырғасы мен қыртыстардағы топырақтарды тербелiс тақталармен немесе тығыздағыштармен тығыздауға ерекше көңiл бөлiну керек. Тығыздағыштар қыртыстардың төбесiнен 5 см қашықта орналасады. Топырақты құбырдың алдында өзiтөккiш автомобильдi керi бұрып немесе өзiтөккiш автомобильдер мен скреперлердi құбырды айнала сақина жасай қозғалтып төгедi. Екiншi схеманы қалдырмалардағы құбырларды жабуда қолданылған тиiмдi. Қалдырмалардағы құбырларды жабу үшiн бульдозерлер пайдаланылып, құбырдың екi жағынан арнайы əкелiп төгiлген топырақтар тегiстелiнедi. Топырақтарды қабаттап жабуды барлық жағдайларда да құбырдан бастап оның барлық ұзындығы бойымен жүргiзiледi.


 

Предыдущая статья:Осымша қорғаныс жамылғысын жасау Следующая статья:Астауларды салу
page speed (0.0292 sec, direct)