Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Осымша қорғаныс жамылғысын жасау  Просмотрен 32

Құбырдың метал құрылымдарының қосымша қорғаныс жамылғысы жоба талаптарына сай мастикаларды, полимерлік сырлау материалдарын немесе эмальдарды қолданып орындалады.

Тесіктері 3 м-ге дейінгі мырышталған жəне сырланған қыртыс құбырларды коррозиядан қосымша қорғау үшін бірқапты, суық əдіспен кептірілетін “Гермокрон” мастикасын қолдану негізінде жамылғы жасау ұсынылады. Мастикасы бір, екі, үш қабатты етіп жағады. Бірінші қабаттың құрамы бастапқы мастиканы уайт-спиртпен, төменқайнаушы бензинмен, бутилацетатпен жəне басқа да еріткіштермен сұйытылып дайындалады. Жаққыннан соң мастика тез кеуіп, берік антикоррозиялық, температураның тербелістеріне төзімді, қажалуға шыдамды жамылғы түзеді. Ауа температурасы минус 10 0С-қа дейін жағылады.

Құбырладың секцияларына мастиканы сол секциялар құрастырылатын трасса жанындағы өндірістік кəсіпорындарда (полигандарда) жағады. Жамылғыны құрылыс алаңында жағу ұсынылмайды. Құрылыс алаңында секциялардың қорғалмаған шеттеріне, секцияларды тасымалдаған жəне құрастырған кезде пайда болған жарақаттар мен бұзылулар бар элементтерге ғана мастика жағылады.

 

Предыдущая статья:Монтаждау Следующая статья:Топырақ қаптамасын жасау жəне құбырды жабу
page speed (0.0193 sec, direct)