Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Монтаждау  Просмотрен 29

Болтты тігiстерi бар диаметрi 3 м-ге дейiнгi құбырларды құрылыс алаңында беттестіріп жергілікті жағдайда жекеленген элементтерден алдын-ала құрастырылған секциялардан монтаждайды. Арқалық түріндегі су өткізетін құбырлар мен үлкен диаметрлі құбырларды құрылыс алаңында жеке элементтерден монтаждайды. Бұл жағдайда полигандарда бақылау құрастыру жасап, тасмалдауға ыңғайлы габариттерге дейін элементтерді ірілендіру (2-4 бет) ұсынылады. Құбырлардың секцияларын объектіге автомобильдер мен немесе тракторлармен жеткізіп, оларды крандармен қою (əсіресе сыртқы ауаның температурасының ең кіші есептік мəні минус 40 0С-дан төмен аудандарда) мүмкін болса, онда құбырларды секциялар мен іріленген элементтерден құрастыру негізгі монтаждау əдісі ретінде қабылданады. Бұл жағдайда құбырды “дөңгелектен” бірден жобалық орынға монтаждау ұсынылады. Секциялардың ұзындығы су өткізетін құбырдың берілген жобалық ұзындығына қарай тағайындайды, бірақ 10 м-ден үлкен болдырмау ұсынылады. Аралық секциялардағы буындар саны тақ болуы керек. Құбырды жинау жұмыстар өндірісінің жобасында анықталған монтаждау схемасына сай жүргізіледі. Монтаждау схемасы мыналарды есепке алуы керек: секцияларды жинағанда жəне біріктіргенде қыртыс элементтердің орнатылу реті; секцияларды тасымалдау реті; болттарды салу реті; диаметрі 2 м-ден үлкен құбырлардың жинау кезінде көлденең қимасындағы арнайы кермелердің, басқа да тетіктердің схемасы. Құбырларды монтаждауға арналған құралдардың ішінде шеттік кілттер, сүймендер, сақиналы ілгектер, электірлік немесе пневматикалық тығырықбұрағыштар, балғалар, диаметрлері жұмыстық болттардікіндей ұзындығы 75 мм 10 монтаждық болттар болуы керек. Бұл болттар қыртыс беттерді уақытша бекіту үшін пайдаланылады жəне олар құрылымда қалдырылмайды. Жұмыстар өндірісінің жобасы құбыр астындағы жастықтың жоғарғы пішініне байланысты метал құрылымдарды жобалық орынға қоюдың ерекшеліктерін есепке алуы тиіс. Диаметрі 3 м-ге дейінгі құбырлардың жатын жасалмай тегістелген негіздерінде құбырды жобалық ось жанында монтаждап, одан кейін жобалық орынға дөңгелетіп қоюға болады. Жатынның негіздері тегістелген болса, онда құбырдың секцияларын кранмен қойып, сол орында біріктіруге болады. Кесілген бас буынды құбырларды монтаждау төменгі бас буынының іргетас бөлігін жинаудан басталады. Одан соң құрылыстың метал құрылымдарын (секциялар, элементтер) қойып, бас буындарды қоюмен аяқталады.


Предыдущая статья:Негізді салу Следующая статья:Осымша қорғаныс жамылғысын жасау
page speed (0.3723 sec, direct)