Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Негізді салу  Просмотрен 31

Диаметрі 3 м-ге дейінгі метал қыртыс құбырлардың табиғи негізін (оның ішінде топырақты алмастыра отырып) салу құрылымның ең үлкен стандарт тығыздықтың 0,95-не дейін тығыздалған топыраққа біркелкі жəне орнықты орналасуын қаматмасыз ету үшін орындалатын жұмыстар кешенін қамтиды. Табиғи негіздің немесе дайындалған (топырақты ауыстыра отырып) топырақ негізінің үстіне құм жастық жасағанда жастық топырағы ең үлкен стандарттық тығыздықтың 0,95-не дейін тығыздалуы керек.

Су өткізетін құрылыстар мен метал қыртыс элементтер (диаметрі 3 м-ге дейін дөңгелек құбырлар, биіктігі төмендетілген жəне эллипс тəрізді құбырлар) негіз топырағын ауыстырудан басқа, көлемдік геоторларды қолданып жасалған негіздерде де орналастырылады. Қатты жəне жартылай қатты тау жынысты негіздерде мембрана (геотор) қолданылмайды.

Негізді даярлау жұмыстары төмендегілерді қамтиды:

1) Топырақты ауыстыру үшін котлован қазу;

2) Жарамды топырақ пен жастықтың топырағын тасымалдау мен төсеу;

3) Құбырдың астына табиғи негіз бен жастықтың топырағын тығыздау (тығыздағыш машиналар мен тетбеліс тығыздағыштары қолданылады);

4) Экскаваторды қолданып мембрана мен жастықты салу;

5) Арнайы пышақпен жабдықталған автогрейдермен немесе арнайы қайырмасы бар бульдозермен құбырдың жатын негiзiн кесу.

Жастықтың топырағын немесе əлсiз негiздiң орнына салынатын топырақты котлованға қабаттап төгiп, тығыздайды. Қалыңдығы 0,6 м-ден кiшi əр қабатты бiр iзбен екi рет жүрiп тығыздайды. Негiздi жасағанда, онда құбырдың жатын ойығын кесу керек болса, арнайы пышығы бар автогрейдермен немесе бульдозермен алдын ала қырып, кейiннен шаблон бойынша қолмен жасайды.

Топырақ бетiнiң пiшiннiң шаблоннан ауытқуы 2-3 см-ден аспауы керек. Құбырды тегiстелген жатын ойықтағы жобалық орынға орналастырған соң топырақ призмасын жасаудың алдында құбырдың төменгi жағы мен жатын ойықтың бетiнiң арасындағы қуыстарды топырақпен толырады, қыртыстардың арасындағы жерлердi шұқылай отырып бензин немесе дизель (мысалы AVS немесе ADS 70/DS 68) тығыздағыштармен мұқият тығыздайды. Тығыздағыштарды қыртыстардың төбесiнен 5 см-ге орналастырады. Құбырдың жанындағы топырақ призмасының нолдiк қабатын құбырдың қабырғаларының бойымен бiр-екi жүре отырып тығыздағыш машиналармен немесе тербелiс тығыздағыштармен тығыздап шығады.

Қаптама топырағын тығыздауға пневматикалық тығыздағыштар пайдаланған жағдайда құбыр қабырғаларының жанындағы нолдiк қабат қол электр тығыздағыштармен немесе тербелiс тақталарымен жүргiзiледi. Егер құбырды жазық негiзге қойса, онда құбырдың төменгi ширектерiне топырақты төсегенде құбыр кем дегенде 1200 топырақпен беттесетiндей екi жағынан топырақпен төселiп, қуыстар шұқылына отырып электр тығыздағыштармен немесе тербелiс тақталармен тығыздалады. Фильтрацияға қарсы экрандар үшiн котоловандар жастықтың астына қазылатын котлованмен қатар қазылып, судан құрғатқаннан кейiн (жоба талаптарына байланысты) бетонмен, саз-шағыл тас немесе цемент-топырақ араласпасымен толтырылып, тербелiс тақталарымен қабаттап тығыздалады.

 

Предыдущая статья:Метал қыртыс құбырлар Следующая статья:Монтаждау
page speed (0.0155 sec, direct)