Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Метал қыртыс құбырлар  Просмотрен 21

Құбыр элементтері мен құрылымдарын ттасмалдау

Құбыр элементтері мен құрылымдарын тасмалдау метал құрылымдар заутынан трасса жанындағы өндірістік кəсіпорынға (полигон) аралық түсіріп-тиеулерсіз іске асырылады.

Полигондарда құбырлардың элементтері мен құрылымдарды құрастырып жинап қоятын, қосымша қорғаныс жамылғы мен астауларды жасайтын алаңдар ұйымдастырылып, сол алаңнан құрылыс алаңына дайын элементтер мен құрылымдар жеткізіледі.

Құбыр секциялары құрастырылатын трасса жанындағы өндірістік кəсіпорындарды толық бекітіліп даярланған секцияларды объектілерге автомокөлікпен немесе тракторлармен жеткізуді есепке ала отырып орналастырады. Метал құрылымдарды тасымалдағанда мырыш жəне қосымша жамылғыларды жарақаттанудан, элементтерді деформацияланудан сақтайтын шаралар қабылданады. Құрылым элементтері мен пакеттерді тиеу мен түсіру жүк көтерімділігі 7 т кранмен арнайы ілгектер мен траверстреді қолдана отырып жүргізеді.

Элементтер мен пакеттерді олардың тесіктерінен іліп алып көтеруге тыйым салынады. Элементтерді, пакеттерді жəне құбыр секцияларын көлік құралдарынан лақтыруға тыйым салынады. Диаметрі 3 м-ге дейінгі құбыр буындарын горизонталь алаңда дөңгелетуге рұқсат етіледі. Құбыр элементтері мен секцияларының пакеттерін темір жол құрамына тиеп түсіргенде “Жүктерді тиеу жəне түсірудің техникалық шарттары” (Москва: Транспорт, 1990) құжатының талаптары орындалуы тиіс. Қыртыс элементтердің пакеттерін жинап қойғанда оларды ілу мен тексерудің ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі керек. Элементтердің пакеттреін ағаш аралықтарды қолданып тігінен бірінің үстіне бірін жинап қояды. Бірінің үстіне бірін тек үш қана пакеттердің қатарын қояды. Диаметрі 3 м-ге дейінгі құбырлардың тұйық секцияларын ағаш аралықтарға үш қатардан асырмай жинап қояды. Элементтердің пакеттерін теміржол құрамына қажетті бекітулер мен ағаш тақтайлардан жасалған аралықтарды қолданып екі қатар етіп қана тігінен бірінің үстіне бірін қойып орналастырады. Қыртыс элементтедің пакеттерін көлік құралдарына орналастыру оларды тасымалдағанда серпімді емес деформациялардан қорғаныс жамылғысының, сондай-ақ олардың монтаждық тесіктерінің жарақаттануларын болдырмайтындай етіліп жүргізіледі. Секцияларды втомашинаға тиеп-түсіруді автомобиль кранмен жүргізеді. Секцияларды іліу мырыш жəне қосымша қорғаныс қабаттардың жарақаттануларын болдырмайтындай етіп брезент немесе басқа материал салып арнайы жүргізіледі. Көлік құралдарына құбырлардың қосымша қорғаныс жамылғы жасалған элементтері мен секцияларын тиегенде оларды тірек бөрнелерге жатқазады. Бөренелерге гернит немесе парафиндендірілген бөлгіш қабаттары бар (битум қағазы) заттарды салады.

Предыдущая статья:Бекіту жəне əрлеу жұмыстары Следующая статья:Негізді салу
page speed (0.0322 sec, direct)