Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Бырды топырақпен жабу жəне тығыздау  Просмотрен 22

Құбырдың жандарында тығыздалған топырақ призмасын салу үшiн ҚР ҚН м Е 3.03-09-2003 құжатына сай жер төсемесiн салуға рұқсат етiлген топырақтардың барлық түрлерi пайдаланылады. Тек 50 мм-ден үлкен түйiршiктерi бар басқа топырақ түрлерi мен қатты тау жынысты топырақтар ерекшеленедi. Бұл жағдайларда құбырлардың механикалық жарақаттануларын болдырмау үшiн құбырдың үстiнен кем дегенде 1 м биiктiкке дейiн құм немесе саз топырақтармен жабады. Салынып жатқан құбырға жақын жерде құм карьерi болс, құбырды осы топырақ пен жапқан дұрыс.

Топырақ призмасының тығыздық коэффициентi барлық көлемде ҚР ҚН и Е 3.03-09-2003 талаптарына сай болуы, бiрақ 0,95-тен кем болмауы керек.

Биiктiгi 8 м жəне одан да үлкен үйiндiлерде фасад бойынша құбырдың үстiнде жатқан енi құбыр буынының енiне тең топырақтың бөлiгi құрылымға артық күш түсiрмеу үшiн 2 м биiктiкке дейiн 0,85-0,90 аралығындағы тығыздық коэффициентi мөлшерiнде тығыздалады.

Котлован қабырғалары мен iргетастың арасындағы қуысты топырақпен толтыру iргетасты орнатқаннан кейiн котлованның барлық ұзындығында екi жағынан жүргiзiледi. Қабаттардың қалыңдығы топырақты тығыздайтын құралдарға байланысты тағайындалады.

Егер қуыс су болса, оны толтыруға қатаң тыйым салынады. Iргетастың тереңдiгi 0,7 м-ге дейiн болса, қуысты толық биiктiгiне дейiн толтырып, қысылтаяң жағдайларға арналған соққы тербелiс əсерлi машинамен бiр iзбен екi рет 500 м/сағ жылдамдықпен тығыздайды. Одан терең қуыстарды, сондай-ақ мұндай машина болмаған барлық басқа жағдайларда топырақты горизоталь қабаттап төгiп, қол электр тығыздағышымен жықсылап тығыздайды.

Топырақ призмасын жасағанда барлық кезеңде де топырақты тығыздауды тербелiс-соққы əсерлi машиналармен немесе дизель-тығыздағыш машинамен жүргiзген дұрыс. Құм жəне саз топырақтарды массасы 30 т-ға дейiнгi пневматикалық тығыздағышпен тығыздауға болады.

Бұл жағдайда тығыздағыштың сақинамен қозғалуына мүмкiндiк болуы керек жəне құбыр қабырғаларына жақын жердегi топырақтарды тығыздау үшiн электртығыздағыш болу керек.

Топырақты төккенде өзiтөңкергiш автомобиль құбыр алдында бұрылып, арт жағымен еркiн төге алатын немесе өзiтөңкергiш автомобильдер мен скреперлер үйiндiнiң құламалары жағынан сақина схемасы бойынша еркiн кiрiп-шыға алатын болуы керек.

Екiншi схеманы құбырларды қалдырмаларда арнайы жеткiзiлiп, құбырдың екi жағына төгiлiп, жайылған топырақтарды бульдозер көмегiмен жабуға қолданған тиiмдi.

Құбырлардың жандарына топырақ призмасын жасауды құбырдың екi жағына да топырақты қабаттап төсеп жүргiзедi. Бұл жағдайда ауыр мшиналардың жұмысына қолайлы жағдай жасау жəне топырақтың талаптық тығыздығына қол жеткiзу үшiн төселген қабаттың бетiнiң еңiстiгi құбырдан оның сыртына қарай 1:5 –тен үлкен болмауы керек.

Тығыздалатын топырақ қабаттарының қалыңдығын тығыздағыш құралдар мен тығыздалатын топырақтың түрiне байланысты тағайындайды. Тығыздалатын қабаттардың қалыңдықтарының тиiмдi мəндерi төмендегiдей:

- тербелiс-соққылы машиналармен тығыздағанда саз топырақтар үшiн – 0,40-0,45 м, құм топырақтар үшiн – 0,50-0,65 м;

- массасы 25-30 т пневматикалық тығыздағыштармен тығыздағанда саз топырақтар үшін – 0,2 м, құм топырақтар үшін – 0,3 м;

- қол электртығыздағышымен тығыздағанда – 0,05-0,25 м.

Топырақ призмасының əр қабатын тығыздау құбырдың бойымен оның ең алыс бөлігінен құбырдың қабырғасына қарай жүргізіледі. Бұл жағдайда құбырдың денесіне тербеліс-соққылы машиналардың жұмысы органдарының 10 см-ге дейін, массасы 25-30 т пневматикалық тығыздағыштардың – 30 см-ге дейін, қол электротығыздағыштарының - 5 см-ге децін ғана жақындауына болады. Əсіресе құбыр буындарының төменгі ширектері, құбыр буындарының бас буындарымен бірігулері сияқты “қиын” жерлердеге топырақтардың тығыздалуына көп көңіл бөлу керек. Көпкөзді құбырлардың қуыстарындағы топырақтарды қол электр тығыздағышымен тығыздайды.

Қалдырмаларда құбырдың үстіне жəне жанына топырақ төсеуді қалыпты технологиялар бойынша жүргізеді. Бұл жағдайда құбырдың үстімен көліктің жүріуіне құбырдың үстіне кем дегенде 1 м топырақ төселгенде ғана рұқсат етіледі. Құбырдың үстімен топырақ төсеу үшін бульдозердің жүріуіне кем дегенде 0,5 м топырақ төселгеннен кейін барып рұқсат беріледі.

Құбырлар сайдың беткейлерінде орналасқан жағдайларда топырақ төсеуі олардың тығыздалуына ерекше көңіл бөле отырып, төменгі жақтан бастайды. Төменгі жақтағы топырақ деңгейі жоғарғы жақтағы топырақ деңгейінен ылғый үлкен болуы керек.


 

Предыдущая статья:Бырларды гидроизоляциялау Следующая статья:Бекіту жəне əрлеу жұмыстары
page speed (0.0142 sec, direct)