Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Бырларды гидроизоляциялау  Просмотрен 24

Құбыр буындарын гидроизоляциялауды мiндеттi түрде кебу ауа температурасы +5 0С-дан төмен болмағанда жүргiзедi. Температура 25 0С-дан жоғары болғанда жұмыс орнын кун сəулесi мен жаңбырдан тентпен қорғайды.

Зауытта жасалған құбыр буындары үшiн бетонды жəне буындарды су өткiзбеушiлiкке сынаудың оң нəтижелерi көрсетілген паспорты бар гидороизоляцияны қолдануға болады. Гидроизоляция битум жақпасының үстiне жағылатын ыстық жəне суық битум мастикасының екi қабатынан тұрады. Блоктардың ортасындағы буын қабырғаларының арасындағы тiгiстерді екi жағынан битум сiңiрленген қалдық талшықтарымен бекiтедi. Құбырдың сыртқы жағынан қалдық талшықтардың үстiнен ыстық битум мастикасын жағады, одан кейiн битум мастикасы жағылған енi 25 см рулондық материалмен желiмдейдi. Iшкi жағынан тiгiсiтi 3 см тереңдiкке цемент ертiндiсiмен бекiтедi.

Тiгiстердi желiмдеп изоляциялауды жақпа изоляциямен бiрге беттерiне жақпа гидроизоляция жасайды. Жақпа жəне желiмдiк гидроизоляцияларды жасардың алдында барлық элементтердiң беттерiн битумдық сырмен өңдейдi. Өңдеу ретiнде сұйық немесе сұйытылған битумды қолдануға болады.

Өңдеудi құбыр бетiнде жылжымалы шаңдатқыш агрегатпен жүргiзедi. Ол қозғалтқаш, компрессор, изоляциялық материалға арналған ыдыс, форсункалы шланг орнатылған төрт дөңгелектi құрылғы түрiнде жасалады. Агрегаттың ыдысын ыстық немесе суық битум мастикасымен толтырып, шаңдатқышты бөлгiш соплоға ауыстырып, бiрiншi битум мастикасының қабатын жағады жəне оны 1,5-3,0 мм қалыңдықпен тегiстейді. Келесi мастика қабатын бiрiншi қабат суығаннан соң жағады.

Бiрiгулердi изоляциялау үшiн құбырдың бетi енi 25 см жолақ етiлiп битум мастикасымен көмкерiледi, оның үстiне рулондық материал желiмденiп, үстiне битум материясы жабыстырылады . Бұл операцияны екi рет қайталайды. Битумдық мастиканы арматуралайтын рулондық материал ретiнде гидроизолды, битумдандырылған мата, рубероид, пергамент қолданылады.

Рулондық материал төменнен жоғары қарай желiмденедi. Желiмдегенде материал астына құю тетiгi бар ожаумен битум мастикасын құяды. Қалақшамен немесе резина дөңгелекпен жапсырылатын материал тегiстеледi, тегiстеу алдымен ұзына бойына, одан кейiн осьтен жиегiне қарай 30-350 жасай жүргiзiледi. Мастиканы тiгiстерге олардың орнықтылығын қамтамасыз ететiн көлемнiң 3/4 -нен көп емес етiп толтырылған конустық ыдыстармен алып келедi.


 

Предыдущая статья:Іргетастарды салу, буындар мен бас буындарды монтаждау Следующая статья:Бырды топырақпен жабу жəне тығыздау
page speed (0.0136 sec, direct)