Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Іргетастарды салу, буындар мен бас буындарды монтаждау  Просмотрен 24

Жиналмалы іргетастарды, буындар мен бас буындарды, сондай-ақ монолит іргетастарды орналастыру күтілетін орташа тəуліктік ауа температурасы +5 0С-дан кем болмаған жəне тəуліктің ең кіші температурасы 0 0С-дан кем болмаған жағдайларда жүргізіледі. Құрылыс алаңында іргетасты орналастыру мен монтаждық жұмыстарға дейін барлық қажетті даярлық жұмыстары жасалып бітуі керек: котлован қорғалған, блоктарды қоятын негіз жасалған, жұмыс орнына құбырдың элементтері мен қажетті құрылыс материалдары тасылып əкелінген, монтаждық жабдық пен такелаж тексеруден өткен болулары керек.

Құбыр элементтерін жобалау жұмыстық сызбалардағы ашылма схемаларға сəйкес элементтердің өлшемдерінің рұқсат ауытқуларын есепке ала отырып жүргізіледі. Монтаждалған құбыр құрылымдарының элементтерінің ауытқулары көрші орналасқан элементтер үшін 10 мм-ден, буындардың аралық саңылауларының жобалық мəннен ауытқулары 5 мм-ден аспауы керек.

Блоктық iргетастарды монтаждауды бас буыны жағыныа бастаған жөн. Блоктың бетон iргетастары бар бас буындарды монтаждағанда ең алдымен бас буындардың iргетас болктарын салу керек. Бас буындардың iргетастары мен буындардың iргетастраының араларындағы жерлердi құм-қиыршық тас немесе құм-шағыл тас араласпасымен толтырылады. Iргетастар мен котлован қабырғаларының араларына топырақты қабаттап салып, мұқият тығыздайды.

Əр секцияның шегiндегi блоктар горизонталь орналастырылады. Құбыр астауының еңiстiгiне сай (берiлген құрылыс көтермесiн есепке ала отырып), əдетте, жұмыстық сызбаларда көрсетiлгендей секциялар баспалдақтатып орналастырылады.

Автомобиль жолдарындағы бөктерлiк құбырларда iргетас секцияларын баспалдақтатып орналастырады (секциялардың 0,01-ге дейiнгi шағын еңiстiгiмен), кiру бас буынынан шығу бас буынына дейiн жалпы бiр қалыпты еңiстiкте қамтамасыз ете отырып жоғарғы беттерiн тегiстейдi.

Iргетастардың блоктары орнына кранмен қойылады. Кранның жүккөтерiмдiлiгi ең үлкен массалы элементтiң монтажын қамтамасыз ететiндей блоуы керек.

Егер блоктарды қою барысында блоктардың төменгi қатарының астындағы негiздi қосымша тегiстеу керек болса (жоба бойынша берiлген белгiлерге сай), онда қажеттi шараны өлшемi 20-40 мм шағыл тасты негiз топырағына нығыздау арқылы iске асыруға болады.

Ертiндiнiң қатуы басталғаннан кейiн қозғалтылған, дұрыс орналастырылмаған блок арнайы алаңға жеткiзiлiп, жабысып қалған ерітiндiден тазаланып, содан кейiн барып тазартылған жəне жаңа ертiндi жағылған бетке қойылуы керек.

Iргетас блоктарын қойғанда жобада қарастырылған маркадан төмен емес маркалы цемент-құм ертiндiсi қолданылады. Оның маркасы барлық жағдайда 150-ден кем, су-ценмент қатынасы 0,65-тен үлкен болмауы керек.

Iргетас секцияларын бетондау бас буындардан басталады. Əр секцияны бетондау iргетастың толық биiктiгiне ешқандай үзiлiссiз жүргiзiледi. Бетон араласпасын горизоталь қабатпен секциясының бүкiл ауданына жайып салады. Салынған бетон қалыпта сығылудағы жобалық берiктiгiнiң 50 % -ын алғанға дейiн ұсталуы керек.

Буынды жобалық орынға қойғаннан кейiн келесi буынды қоюға жəне изоляция жасауға кедергi болатын iлмектер бетонның бетiмен бiрдей етiп кесiледi.

Ең алдымен шығу бас буынының блоктары монтаждалады. Егер құрама бас буынының қандай да бiр элементi iргетас блоктарымен байлансқан болса, бас буын iргетаспен бiрге монтаждалады.

Бас буынның барлық элементтерiн қойып бiткен соң құбыр буындарын монтаждауға көшедi. Буындарды монтаждауға iргетасты топырақпен жауып, тығыздағаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.

Құбыр буындарын орнату, əдетте, шығу бас буынынан (монтаждалған) кiру бас буынына қарай жүргiзiледi. Егер бас буын да монтаждалған болса, буындарды орнату екi бағытта да жүргiзiле бередi.

Монолит iргетасқа лекал блоктарды пайдаланбай цилиндр буындарды орналастырғанда алынбайтын, буынының сыртқы бетi мен iргетастың бетiнiң арасында бас кеңiстiктi қамтамасыз ететiн ағаш сыналар қолданылады.

Буындардың астындағы бетон жастықты конус шөгуi 6-8 см бетон араласпасынан буын бетiмен оның барлық ұзындығында беттесудi қамтамасыз ете отырып жүргiзедi.

Цилиндрлiк блоктарды құрама лекал блоктарға монтаждағанда буындарды алынбайтын ағаш сыналарға орнатады. Бұл жағдайда метал жазық элементтердi қолданып ценмент-бетон ертiндiнi салу үшiн арнайы жобалық бос кеңiстiктi қамтамасыз ету керек.

Тiкбұрышты жəне жазық негiздi басқа да буындарды конус шөгуi 6-8 см цемент-құм ертiндiсiне орнатады.


 

Предыдущая статья:Быр iргетасының астына котлован жасау Следующая статья:Бырларды гидроизоляциялау
page speed (0.0485 sec, direct)