Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Быр iргетасының астына котлован жасау  Просмотрен 24

Құбыр iргетасының астына котлован жұмыстық сызбаларға сəйкес, котлованның қоршау құрылымын, құбыр осi бойынша геологиялық қиманы жəне топырақ суларының ең жоғарғы деңгейi туралы деректердi қамти отырып жасалады.

Құбыр iргетасының астына котловандарды бекiтулерсiз тек қана орнықты кебу жəне аз ылғалды топырақтарда, котлованның табаны топырақ суларының деңгейiнен биiк жатқанда жəне котлованға бұлақ суларының қарқынды шағыуының болмаған жағдайларында жасауға болады.

Котловандарды құмайт, саз жəне саз балшық топырақтарда жасағанда топырақтар атмосфералық жауын-шашындардан ылғалдануы мүмкiн жағдайларда құламалардың еңiстiгi 1:1-ден аспауы керек. Майда iсiнгiш топырақтарда коткотлован савлғанда олардың сулануы мүмкiн болса, бекiтулерсiз қазуға тиым салынады. Енi 4 м-ден аз кебу жəне орнықты топырақтардағы котловандарда топырақ суларының келуi аз болса, қабырғаларды қорғауға инвентарлық қоршаулардың бектеулерi қолданылуы мүмкiн. Орнықты емес жəне сулы топырақтарда шпунттық қоршауды пайдаланады. Бұл жағдайда құбырдың басқа бөлiктерiне қарағанда үлкен тереңдiкке кететiн бас буындардың iргетастарының астындағы котловандарды да шпунттардың көлденең қатарымен қоршайды.

Орнықты емес топырақтардағы ұзындығы 15 м-ден үлкен құбырлардың котловандарына топырақ сулар қарқынды келетiн болса, сондай-ақ бөктердегi құбырларды салғанда топырақты алу мен iргетастарды қоюды бөлiктердi жеке-жеке шығар бас буын жағынан бастап жасайды.

Котлован мен iргетас жаңбыр жəне су тасқындарының қолайсыз əсерлерiне қарсы құрылыс уақытының барлық ұзақтығына қорғаныс қоршаумен жабдықталуы керек. Егер жер рельефi мүмкiндiк берсе, жасалып бiткен котлованнан су ағызу арығын жүргiзедi. Котлован кездейсоқ суға толған жағдайда оны құрғату шаралары қолданылу керек.

Пландағы котлованның өлшемдерi iргетастың жобалық өлшемдерi мен екi жаққа жiберiлетiн үстемелермен анықталады. Үстемелер бекiтулердi жасаудың қабылданған тəсiлдерiне, су ағызуға, iргетас астындағы даярлық қабатын салуға, iргетасты монтаждауға немесе бетондауға, катлован қабырғалары мен iргетастың қабырғаларының арасындағы топырақты тығыздауға байланысты тағайындалады.

Құбырды жақтауға орналастырғанда монтаждық кран өтетiндей, бiрақ 2 м-ден кем емес жердi котлованның екi жағынан да биiктiк белгiлерiн бiрдей етiп табиғи жер бетiн тегiстейдi. Котлован табанының еңiстiгi сай табанының еңiстiгiмен бағыттас болмауы керек.

Iстеп тұрған жерасты коммуникациялар бар жерлерде котлолован жасау тек қана сол коммуникацияларды пайдалануға жауапты ұйымның жазбаша рұқсатымен жəне олардың жарақтанбауына қарсы шаралар қабылданғанда жүргiзiледi. Электр кабельдерi орналасқан жерлерде жұмыстар тек қана сол кабельдiк жүйенi пайдаланушы ұйымның өкiлi болғанда жүргiзiледi.

Крандар мен басқа да күштер котлованды жасағанда жəне құбыр элементтерін монтождағанда котлованның бекітілмеген құламасының жиегінен кем дегенде 1,5 м қашықтықта орналастырылады.

Крандар мен басқа да күш түрлерінің котлован жиегіне 1,5 м-ден жақын орналасуы қабырғалардың қажетті бекітулері болғанда жəне тиісті жобалық негіздеу нəтижесінде рұқсат теіледі.

Котлованды жасау экскаваторлармен, бульдозерлермен жəне басқа да жер қазғыш машиналармен жүргізіледі.

Котлован жасау барысында үйінді құламасының орнықтылығын, қоршауға сырт жағынан бірігетін топырақтың күйін, котлованның қоршауы мен бекітулерінің күйлерін, топырақ суларының келу қарқынын жəне қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды тұрақты бақылау қажет.

Котлованнан алынған топырақ жұмыс өндірісінің барлық кезеңінде үйінді құламасының сырғып түсу, котлован қабырғасының құлау қауптері болмайтындай, жол-құрылыс машиналарының жүруіне, монтаждауға элементтерді беруге жəне басқа да қысылтаяң жағдайлар болмайтындай етіліп, қажетті қашықтықта орналасқан арнайы жерге үйіледі.

 

 

Предыдущая статья:Быр элементтерін тасымалдау жəне жинап қою Следующая статья:Іргетастарды салу, буындар мен бас буындарды монтаждау
page speed (0.0162 sec, direct)