Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Быр элементтерін тасымалдау жəне жинап қою  Просмотрен 19

Құбыр элементтерін тасымалдағанда олардың көлік құралдарындағы орнықтылығы қамтамасыз етілуі керек. Элементтерді жинау мен түсіру ұстағыш құралдары қолданып крандар көмегімен іске асырылады. Элементтерде ілгіштер болса, имектер олардың барлығына да іліну керек.

Құбырлардың буындары түрлері, өлшемдері мен маркалары бойынша реттеліп, тік немесе жатқызылып сақтаулары керек. Элементтерді бірінің үстіне бірін жинағанда элементтердің жарақаттануын болдырмау, орнықтылығы мен қарауға мүмкіндікті қамтамасыз ету керек. Бірінің үстіне бірін тек қарапайым пішінді элементтерді ғана (мысалы, тікбұрышты жəне цилиндірлік буындар, іргетас блоктары жəне с.с.) жинастыруға рұқсат етіледі. Əр жиналымда бір ғана маркалы элементтер болуы керек. Жиналымның қабаттарының араларына ұзындығы буын диаметрінің (енінің) өлшемінен кем емес тік бұрышты қималы ағаштар салынуы керек. Олардың қалыңдығы кем дегенде 3 см, ал ені – кем дегенде 10 см болуы керек.

Əр элемент екі аралық ағашқа орналасуы керек. Құбыр буындарының аралықтарға жатқызылу орындары жұмыстық сызбаларда көрсетілгендей болуы керек. Вертикаль бағытта аралық ағаштардың бірінің үстінде бірі орналасулары қатаң сақталу қажет.

Элементтерді түсіру крандармен жүзеге асырылады. Элементтерді автомашинадан лақтыруға тиым салынады. Кранды құрылыс алаңында толық пайдалану үшін элементтерді түсіргенде оларды қажетті автомашиналардың санымен алып келу ұсынылады. Қажет болса, қауіпсіздік техникасының тиісті талаптарын сақтай отырып дөңгелек буындарды горизоталь бетпен дөңгелетуге рұқсат етілді.

Əдетте, құбырдың барлық элементтерін объектіге монтаждың басталуына дейін монтаждау краны жететін аумақта орналастыруға алып келеді. Егер жер жағдайлары мүмкіндік берсе, элементтерді құбыр котлованының жанына жинап қояды. Бұл жағдайда кран өту үшін ені 4 м-ден кем емес берма қалдырылады.

Құрылыс алаңында элементтерді орналастыру құбырды монтаждаудың технолгиялық ретімен байланыстырылады. Іргетас блоктарын бір қабат етіп жинау керек.


Предыдущая статья:Геодезиялық жəне бөлу жұмыстары Следующая статья:Быр iргетасының астына котлован жасау
page speed (0.0203 sec, direct)