Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Геодезиялық жəне бөлу жұмыстары  Просмотрен 33

Құбырладың жерде орналасуы трасса пикетажымен анықталады. Құбыр құрылысындағы геодезиялық жəне бөлу жұмыстары жобалық құжатқа сəйкес олардың план мен қимадығы орындарын қамтамасыз ету керек.

Жобалау ұйымы арнайы құжат бойынша тапсырушының өкілінің көзінше құрылыс ұйымына құбырдың бойлық осін бекітуші гоедезиялық негіз пунктерін, топырақ реперлері мен қабырға маркаларды өткізеді. Құжатқа қоса құбырлардың осі көрсетілген ауданның топогрфиялық планы, сондай-ақ геодезиялық негіздің барлық пунктілерінің координаттары мен биіктік белгілерінің каталогынан көшірмесі тапсырылады.

Жерде құбыр осін белгілегенде трасса осін теодолитпен қалпына келтіреді жəне жақында орналасқан пикетпен құбырдың бойлық осіне дейінгі арақашықтықты болат лентамен екі рет өлшейді. Алынған нүктеде төбесі жердің бетімен бірдей ағаш қазық қағады жəне оған трасса осі бойынша шеге қағып, құбыр осінің ортасын белгілейді. Одан кейін теодолитпен жол трассасы мен құбыр осінің арасындағы бұрышты анықтайды. Құбырдың бойлық осін котлованның қабырғасынан 10-15 м аралықта орналасқан екі бақылау нүктесімен (əр жақта екі қазықтан) бекітеді. Бұл белгілерді нивелирлеу арқылы өзара байланыстырып, олардың жақында орналасқан реперден биіктік белгілерін анықтайды. Бір уақытта кіру жəне шығу бас буындардың астаулырының да белгілерін табады. Құбырдың бойлық осінен котлованның пішінін белгілейді жəне шектік сызықтар бойынша қоршайды. Бөлу дəлдігі ± 5 см. Геодезиялық негіз белгілерін (бекітілген қазықтар мен биіктік реперлері) олардың құбырды толық салып бітіп, пайдалануға тапсырғанға дейінгі сақталуы мен өзгеруі қамтамасыз етілетіндей етіп орнатады.

Құбырды салғанда төмендегідей геодезиялық жұмыстарды орындайды: құбырдың орнын тексеру; құбырдың бас буындары мен бөліктерінің котоловандарының шегін жұмыс барысында бөлу мен тексеру; жұмыс барысында іргетастардың план мен қимадағы орындарын берілген құрылыстық көтермені есепке ала отырып бөлу мен тексеру; құбыр буындарының план мен қимадағы орындарына сай орналастырылуын тексеру; құбыр арығының кірер жəне шығар бөліктерін өлшеу.


Предыдущая статья:Рылыс алаңын даярлау Следующая статья:Быр элементтерін тасымалдау жəне жинап қою
page speed (0.0134 sec, direct)