Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Суөткізгіш құбырларға қойылатын негізгі талаптар  Просмотрен 19

Құбырладың негізгі өлшемдерін құрылыстағы модулдық жəне біркелкілік шарттарын сақтай отырып белгілеген жөн.

Құбырлар үшін гидравликалық есептеулер негізінде тереңдетуді, арнаны тегістеу мен бекітуді, майда топырақ бөлшектерінің жиналуына тосқауыл болатын құрылғыларды, сондай-ақ құбырдың кірер жəне шығар жерлеріндегі судың жылдамдықтарын төмендететін құрылғыларды қарастыру керек.

Құбырлардың тесігін (биіктігін), əдетте, төмендегі мəндерден кем қылмай белгілеу керек (м):

1,0 - құбырдың ұзындығы 20 м-ге дейін болғанда;

1,25 - құбырдың ұзындығы 20 м-ге тең жəне одан үлкен болғанда.

ІІ категориядан төмен автомобиль жолындарындағы құбырлардың тесігін төмендегі мəндерге тең етіп алуға болады (м):

1,0 - құбырдың ұзындығы 30 м-ге дейін болғанда;

0,75 - құбырдың ұзындығы 15 м-ге дейін болғанда;

0,5 - жол бұрылыстарында құбыр аумағында тезағар (еңістігі 0,001-ден үлкен) мен шығар жерінде қоршау салынған жағдайда.

Құбырлардың тесігін оларды жаяу жүргіншілер өтпесі, малдар өтпесі ретінде пайдалану үшін, ал техникалық-экономикалық тиімділік жағдайында тиесілі габариттерді қамтамасыз ете отырып автомобиль көлігін (аласа, қысқа енді ауылшаруашылықтық машиналарды) өткізу үшін үлкейтуге болады.

Су өткізу құбырларының пішіні мен өлшемдері есептеулерде қабылданған судың ағу жағдайлары мен құбырды қоршаған үйіндінің орнықтылығын қамтамасыз ететін кірер жəне шығар бас буындарымен жобаланады.

Метал қыртыс құбырларды бас буындарсыз жолбалауға болады. Бұл жағдайда кесілмейтін құбырдың төменгі бөлігі үйіндінің табанынан кем дегенде 0,2 м , ал кесілген құбырдың соңы үйіндіден кем дегенде 0,5 м шығып тұруы керек.

Мұз жүрулер болғанда, сондай-ақ сел мен мұздықтар болатын жерлерде құбырларды қолдануға болмайды.

Құбырдың үстіндегі топырақтың қалыңдығын құбырдың буынының үстінен жол төсемесінің біртұтас қабаттарының табанына дейін санағанда кем дегенде 0,5 м етіп алу керек. Оған қосымша, метал қыртыс құбырлар үшін құбыр буынының үстінен жол жамылғысының бетіне дейін кем дегенде 0,8 м болуы керек.


Предыдущая статья:Кіріспе Следующая статья:Рылыс алаңын даярлау
page speed (0.0186 sec, direct)