Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Кіріспе  Просмотрен 37

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Су өткізгіш құбырларға қойылатын негізгі талаптар 4

2 Құрылыс алаңын даярлау 5

3 Геодезиялық жəне бөлу жұмыстары 6

4 Құбыр элементтерін тасымалдау жəне жинап қою 7

5 Құбыр iргетасының астына котлован жасау 8

6 Іргетастарды салу, буындар мен бас буындарды монтаждау 10

7 Құбырларды гидроизоляциялау 12

8 Құбырды топырақпен жабу жəне тығыздау 13

9 Бекіту жəне əрлеу жұмыстары 15

10 Метал қыртыс құбырлар 16

11 Негізді салу 17

12 Монтаждау 19

13 Қосымша қорғаныс жамылғысын жасау 20

14 Топырақ қаптамасын жасау жəне құбырды жабу 21

15 Астауларды салу 22

16 Жұмыстық технологиялық карталарды жасау 23

17 Жұмыстардың орындалу сапасын бақылау 24

18 Жұмыстар өндiрiстiндегі қауiпсiздiк техникасының талаптары 25

19 Су өткізетін құбырдың алдындағы есептік су шығынын анықтау 26

19.1 Су жиналатын бассейннің ауданын анықтаймыз 26

19.2 Жауын-шашынның әсерінен болатын су шығынынынанықтау 26

19.3 Еріген судың әсерінен болатын су шығынын анықтау 27

19.4 Графоаналитикалық әдістің аккумуляция есебімен құбырдағы су шығынын анықтау 27

19.5 Құбырдың саңылауын қабылдау 28

19.6 Құбырдағы бекітуді тағайындау 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

 


Кіріспе

Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Су өткізу құбырларының құрылысын бүкіл жұмыстардың кешенін ұйымдастыру жобасының құраманыда құрастыру керек. Бұл жұмыстар жер төсемесі мен жол төсемесін салуды қамтыу керек жəне автомобиль жолының құрылысы бойынша технологиялық үрдістің үздіксіздігі мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ету керек.

Əдетте, автомобиль жолын салғанда су өткізу құбырының құрылысы үйіндіні салудан бұрын аяқталуы керек. Үйіндіде құбырды салу үшін бос бөліктерді (қалдырмаларды) қалдыру қажеттігі жұмыстық жобада негізделуі керек. Барлық жағдайларда қалдармалардың ені табаны бойынша 10 м-ден кем балумауыкерек.

Ең алғашқы қарапайым су құбырлары бірнеше мың жылдар бұрын салынған болатын. Ертедегі Мысырда жер асты сулары терең құдықтардан су көтергіштермен көтеріліп, қыш немесе ағаш құбырлар арқылы тұтынушыларға жеткізіліп отырған. Ежелгі Римде одан неғұрлым күрделірек жүйе пайдаланылған. Онда су құбырлары жыралар, өзендер, жолдар және т.б. арқылы өткізілген. Батыс Еуропада (Парижде) XVII ғасырдың аяғында ағаштан жасалған су құбырлары салынған. XVIII ғасырда су құбырын салу Англияда қолға алына бастады. Мәскеуде 1804 жылы орталықтандырылған тұрмыстық су құбыры, ал Алматыда 1933 жылы алғашқы ағаштан жасалған су құбыры салынды. 1935 жылдан бастап су құбырын салу жоспарлы түрде дами бастады. Онда енді темірбетон және қыш (керамика) құбырлар пайдаланылды.Қазақстанда күйдірілген қыштан жасалған су құбырлары Х-ХІІ ғасырларда Отырар қаласында, Х-ХІ ғасырларда Тараз қаласында салынғаны археологиялық қазба жұмыстарынан белгілі.

 


Предыдущая статья:Изготовление макета изделия Следующая статья:Суөткізгіш құбырларға қойылатын негізгі талаптар
page speed (0.0321 sec, direct)