Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Арматура және арматуралық бұйымдардың түрлері  Просмотрен 46

Арматура атқаратын міндетіне қарай жұмыстық, бөліп тұратын, жинақтау және қамыттарға бөлінеді.

Негізінде созу күшін қабылдауға арналған (иіліс, созу, центрден тыс қысу және созу) әдетте жұмыс арматурасы түзілістің созылған зонасында орналасады. Кейбір жағдайларда арматураның осы түрін және қысу күштеріне қарсы бетонды нығайту үшін қолданады.

Арматура бетонмен бірге жұмыс істеуді қамтамасыз ету керек және тұтас құйма түзілістің типтерін, олардың жұмыс схемасын және бетонның беріктік сипаттамасын еске алып таңдалу керек.

Бөліп тұратын арматура жұмыс арматурасы шыбықтар арасында күштерді бір келкі болу үшін қызмет етеді. Бөліп тұратын және жұмыс арматураларының қосылуын дәнекерлеу немесе байлау арқылы жүзеге асырылады.

Жинақтау арматурасы қаңқаға жеке шыбықтарды құрастыру ыңғайлылығы және жұмыс арматурасының дәл орналасуын белгілеу үшін қойылады.

Қамыттар түзіліс бетонын қиғаш жарақ пайда болудан қорғау және арматура қаңқасын жасау үшін қызмет етеді. Қамыттыр бағаналар арматурасының тік шыбықтарының ыдырауына кедергі жасайды.

Арматура өзінің негізгі міндетінен басқа түзілістердегі шөгу, температура, көлік және басқа уақытша күштерді қабылдау үшін пайдаланады.

Темір-бетон түзілістердегі арматура мөлшері нақты шекте жобаланады және арматура коэффициентімен сипатталады, ол жұмыс арматурасының қима ауданы мен бетонның қима ауданының қатынасына тең.

Негізгі арматура бұйымдары жазық және бүгілген торлар мен қаңқалар, кеңістік қаңқалар, дәнекер бұйымдары болады.

Торлар жазық және оралмалы болып жасалады. Олар дәнекерлеу арқылы қосылған бойлай және көлденең армутарадан тұрады. Торлар диаметрі 3-7 мм төмен көміртекті суықтай созылған сымнан және А-ІІІ класты өзгермелі пішінді ыстықтай таптап жасалған төмен қоспалы болаттан жасалады. Торлар ұзындығы 9 м-ге дейін, ені 1,5 м-ден 3,0 м-ге дейін жұмыс және бөліп тұратын екі бағытта ауыспалы адыммен жұмыс арматурасы бар болып дайындалады.

Жазық қаңқалар тар және ұзын бұйымдар түрінде жасалады, олардың шілтері жұмыс бойлық және бөліп тұратын көлденең стерженьдерден тұрады. Көлденең шыбықтар созу және опыру кернеулерін қабылдайды.

Кеңістік қаңқалар әр түрлі қимамен жасалады – бекітулі, тік бұрышты және қисық сызықты.

Металл дәнекерлеу бұйымдары темір-бетон түзілістерін қосу үшін арналады. Дәнекерлеу бұйымдары көбінесе болат тілігінен және анкер құрылғысы көмегімен қосылатын прокат профиліне жасалады.

 


 

Предыдущая статья:Алыптардың міндеті және түрлері Следующая статья:Во имя Отца и Сына и Святаго Духа
page speed (0.0149 sec, direct)