Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Строительство

Технологиялық картаның мәні мен құрамы  Просмотрен 10

Кіріспе

Үймереттер, ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауыл шаруашылық құрылыстар салуды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері бар. Құрылыс-жинақтау жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы- құрылысты кешенді әдіспен және техникалық ретімен жүргізу.

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процесстерге бөлінеді.

Құрылыс жұмыстары- жер жұмыстары, бетон және темірбетон жинақтау, әрлеу т.б. өзара құрылыс процесстеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процесстерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын (қыртысын) бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау, т.б.

Аталған құрылыс жұмыстары мен оның процестері белгіленген технологиялық ретімен істелу қажет.

Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары- жер астындағы құрылыстары (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ,бояу).

Күрделі құрылыс- материалдық өндірістің маңызды саласының бірі, оның негізгі міндеті- ғылыми-техникалық прогресс арқылы негізгі қордың ұлғаймалы ұдайы өндірісін қамтамасыз ету.

 


 

Технологиялық картаның мәні мен құрамы

Технологиялық карта – құрылыс жинақтау жұмыстарының жиі қайталанатын түрі, өндірістің ұтымды және тұрақты технологиясын іске асыратын және жұмыс өндірісінің жобасы орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланатын құжат.

Типтік технология карта – құрылыс үрдістерінің технология бойынша арналған:

а) технологиялық үрдістерін қолдану жоғары сапаны қамтамасыз етеді;

ә) конструкциялар, заттарды, құрылыс материалдарды қаржылармен қамтамасыз ету бір бөлікке, ярусқа, қабатқа;

б) құрылыс үрдістер бірлескен және максималдық қолдану жұмыс орында;

в) жұмысты механикаландыру құрылыстың мерзімін азайтуға, адам еңбегін үнемдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, екі ауысым жұмыс істеу;

г)тасымалдау үрдістер түзілістерді жеткізу технологиялық жабдықтарды бөлшектермен ірілеу;

д) құрылыста еңбек қорғау, тазалық- гигиеналық шаралар өткізу, қауіпсіздік техникасы, өртке өарсы талаптар қойылады.

Типтік технологиялық карта келесі тараудан құралады:

1)пайдалану саласы;

2)ұйымдастыру мен құрылыс үрдңстерінің технологиясы;

3)Технико-экономикалық көрсеткіштер;

4)Материалдық техникалық қаржылар.

«Пайдалану саласы» қарастырылған»:

а) конструктивтік элементтердің және оның бөлігінің ғимараттардың мінездемесі;

ә) карта бойынша құрылыс жұмыстарының құрамы;

б) карта бойынша табиғат қорғау шаралар, геологиялық, гидрогеологиялық және т.б. жағдайлардың мінездемесі;

в) белгіленген обьектіні картаға байланыстыру мақұлдаманы беру.

«Ұйымдастыру мен құрылыс үрдістерінің технолгиясы» қарастырылған:

а) карта бойынша құрылыс жұмыстары талаптар бойынша орындалады. Дайындық, қажеттілік жұмысты қамтамасыз етеді;

ә) жоспар, кескін конструктивтік ғимараттың бөлігіне арналған құрылыс алаңы мен құрылыс жұмыстар орындалады. Кестеде негізгі мөлшерлер, машиналар орналасқан жер, жолдар құрылыс материалдардың орын ауыстыруы, уақытша электр, жылу, су қамтамасыз ету жұмыс басталу;

б) құрылыс алаңында заттар мен құрылыс материалдар ұзаққа сақтау мақұлдамасы;

в) өндіріс жұмыстарының әдістері, тәсілдері;

г) бригаданың саны және олардың қосымша мамандықтары;

ғ) жұмысты орындау кестесі мен еңбек шығынның калькуляциясы;

д) СНиП 3.01.01-85 бойынша жұмыстарды бақылау құрылыс жұмыстары өткізеді;

ж) жоба бойынша еңбек және қауіпсіздік техникасы шешімі;

и) құрылыс нормасы және құрылыс сызбаларына сәйкес болу [7] оның ішіне кіреді (бақылау сапасының бақылау жұмыстары, құрамы, әдістері, мерзімдерімен).

«Технико-экономикалық көрсеткіштер» қарастырылған:

а) құрылыс үрдістерінің жұмыстарының көлемі;

ә) кесте бойынша жұмыстың ұзақтылығы орындалады;

Жұмыстың барлық көлемінің еңбек сыйымдылығы калькуляция бойынша еңбек шығынының қосындысымен анықталады. Еңбек сыйымдылығының бірлік өлшемдері қосындысы еңбек сыйымдылығын (адам-сағат) жұмыс көлеміне бөлумен анықталады.

Бүкіл көлемнің еңбек ақысы норма бойынша ал қабылданғандары еңбек шығыны калькуляциясынан алынады.

Бір жұмысшының орташа ауысым еңбек ақысы қосынды еңбек ақысын жұмыстың барлық көлемін еңбек сыйымдылығына бөлгенмен (адам-сағат) анықталады.

«Материалдық техникалық қаржылар» тарауда құрылыс үрдістерін карта қарастырылған құрылыс сызбалар, спецификация, жұмыстың көлемі, құрылыс конструкциялары, заттар, кешендер үнемдеу шығынының нормасы.

Көліктің саны және типі көліктің, жабдықтауының, құрал-сайманның, иілгіштерінің атауы жұмыстың көлеміне, мерзімге оны орындау жұмысшылардың саны.

Заттардың пайдалану атауы заттардың шығынының нормасы.

Типтік технологиялық карта қысқы мерзімде орындалса қосымша мәліметтер болукерек: бетонды бабына келтіру, ылғалдығы, жылытқыштың құрылғысы.

 

 


 

Предыдущая статья:для снижения мощности систем отопления вагонов Следующая статья:Азаңшұңқырдың көлемін табу
page speed (0.0124 sec, direct)