Всего на сайте:
303 тыс. 117 статей

Главная | Агрономия, Сельское хозяйство

Тыңайту жүйесі ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері  Просмотрен 149

  1. Кіріспе
  2. Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат
  3. Шаруашылықта органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану.
  4. Кесте. Шаруашылықта дайындалған органикалық тыңайтқыштардың мөлшері
  5. Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқышты қолдану және олардың мөлшерін анықтау жолдары
  6. Тыңайтқыштарды жоспарланған өнімге арналған мөлшерін анықтау
  7. Ылыми-зерттеу мекемелер ұсыныстарының негізінде минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
  8. Ауыспалы егісте тыңайтқыш қолданудың жылдық жоспары
  9. III.Ауыспалы егісте қоректік заттардың балансы
  10. Кесте. Ауыспалы егіске тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігі
  11. Занятие 4.2.1 Приемы рационального использования сенокосов
  12. Рационы для высокопродуктивных коров голштинского происхождения с использованием высококачественных травяных кормов и комбикормов (ВНИИГРЖ)

Картоп дақылының биологиялық ерекшеліктері – алқа (Solanum) туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см). Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны – Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады. Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек. Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады. Химиялық құрамы: Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% ақуыз, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады. Картоп алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жатады,шөптекті, көпжылдық,жылу сүйгіш өсімдік. Оның отаны –Оңтүстік Америка. Картоптың мәдени түрі біржылдық өсімдік ретінде пайдаланылады. Оның жерасты бөлігінде түйнектері болады.Түйнек дегеніміз- өзгерген өркен, яғни жерсабақ (столон). Түйнектің өзгерген сабақ екенін дәлелдеу қиын емес. Түйнектердің топырақтан шығып қалғандары жарық әсерінен хлорофилл түзіп, жасыл түске боялады. Сондай-ақ түйнек ойықтарында сабақтағы тәрізді бүршіктер, яғни көзшелер орналасқан.

Картоптың көзшелерімен қоса алынған түйнекті бөліктерін топыраққа ексе , одан жерүсті бөлігі өсіп шығады. Картоп гүлдеп , жасыл жидек береді.Бұл оның жемісі. Картоптың жемісі улы екенін есте сақтаңдар! Картопты өсімді мүшесі-көзшелі түйнек арқылы көбейтеді. Ал жаңа іріктеме алу мақсатында картоп тұқымы егіледі. Жаңадан шығарылған картоп іріктемелерінің саны 100-ден асады. Қазақстанда картоп кең тараған ауыл шаруашылық дақылы.Адамдар оны бағалы тағам ретінде пайдаланады, себебі оның түйнегінде әр түрлі дәрумендер ( А,В,В1, В2,С,К) болады. . Картопты ел арасында « екінші нан» деп атайды. Картоп сонымен қатар құнды мал азығы.Малға жем ретінде түйнегі ,сонымен қатар крахмал мен спирт өндірісінде қалған қалдықтары да пайдаланылады. Картоп жылу сүйгіш дақыл. Оның тұқымы өніп өсуі үшін топырақ қыртысында ең кем дегенде 7-8 С жылу болуы қажет.Бірақ мұндай температура +18-25 С болса , картоп 13-15 күнде өніп шығады.Картоптын сабағы күшті өсуі үшін қолайлы температура +17-22 С шамасында болуы қажет. Температураның жоғарлауы немесе төмендеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Мысалы , температура +3-5 С-тан төмен, ал +35 С-тан жоғары болса, картоптың өсіп-өнуі тоқтатылады. Көктемде -3 С суықта картоптың жас өркені, ал күзде топырақтың температурасы -2 С болғанда, картоптың түйнегі үсіп кетеді. Картоп алғашқы өсу кезеңінде ылғалды онша көп қажет етпейді, бірақ осы мезгілде шамадан тыс құрғақшылық болса , оның тамырының дамуы нашарлайды, яғни өнімі төмендейді. Картоптың жақсы өсуіне ауа қажет. Топырақта ауа жетпеген жағдайда, әсіресе тығыз топырақта оның жер астыңдағы сабақтары бұтақтанып, түйнекті де кеш байлайды, баяу өседі әрі кеш піседі. Оның ойдағыдай өсіп – дамуы үшін ауа еркін өтетін кеуек топырақ қажет. Сондықтан қара, қызыл қоңыр топырақта жақсы өседі. Суармалы жерлерде картоптың жақсы алғы дақылдарына күздік дақылдар мен дәнді бұршақ ,көкөніс ( пияз, сәбіз, қияр ) жатады.Егер топырақ дұрыс өңделіп, органикалық және минералдық тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде берілсе, онда картопты бір орынға қатарынан 2-3 жыл бойы егуге болады.Дегенмен тұқымға арналған картопты ауыспалы егістерде өсіріп, бұрынғы орнына кем дегенде 3-4 жылдан кейін отырғызған жөн. Картоптың қоректік заттарға қоятын талабы да үлкен. Бір тонна өнім мен сол шамалас сабақ құрау үшін топырақтан 5 кг азот, 2 кг фосфор мен 9 кг калий элементтерін пайдаланады. Суармалы аймақтарда күзде жер жырту алдыңда әр гектарға 40-50 тонна көң, 6.5 центнер калий тыңайтқыштарын РУМ-5, РОУ-6 машиналарымен шашып , түренді соқалармен жыртып, топыраққа сіңіреді. Картоп түйнектерін отырғызар алдыңда сорттап, іріктеп алады. Түйнектерді отырғызуға 5-6 күн қалғанда,оларды күнге қыздырады.Картопты отырғызудың жақсы мезгілі – топырақтың 10 см тереңдікте +6-8 С-ка дейн қызған кезі болып есептеледі. Бұл мезгіл оңтүстік облыстарда сәуір айының үшінші онкүндігі мен мамыр айының басында.Отырғызуды қысқа мерзімде аяқтау керек, өйткені әрі қарай түйнектері өніп, сапасын жояды.Картоп түйнектерін егетін жері дайын болған кезде ,егудің екі тәсілін қолдануға болады. Өсімдік көктеп шыққан кейн шөптеп ,түптеу қажет.Өсу кезіңде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады.Күз кезіңде қазған картопты сорттап арнайы жерде сақтау керек.

Предыдущая статья:Кесте. Шаруашылықта дайындалған органикалық тыңайтқыштардың мөлшері Следующая статья:Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқышты қолдану және олардың мөлшерін анықтау жолдары
page speed (0.0123 sec, direct)