Всего на сайте:
303 тыс. 117 статей

Главная | Агрономия, Сельское хозяйство

Шаруашылықта органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану.  Просмотрен 148

Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайту жүйесін жасауда шаруашылықтағы органикалық тыңайтқыштарды жинауға, дайындауға және егістікке беруге үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені, топыраққа органикалық тыңайтқыштар мен өсімдікке қажетті қоректік элементтер енгізіледі. Олар топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін және су, ауа, жылу режимдерін жақсартады.

Органикалық тыңайтқыштар дұрыс пайдаланылса , топырақта көмір қышқыл газының мөлшері молаяды, минералдық тыңайтқыш тиімділігі артады.

Органикалық тыңайтқыштардың өсімдікке әсері оларды шаруашылықта дайындау жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты.Ол үшін шаруашылықтағы әрбір органикалық тыңайтқыштардың мөлшерін білу керек. Ал көңнің мөлшерін мал түріне, санына, қолда ұстау мерзіміне қарай анықтаймыз. Ол үшін әрбір 100га пайдаланатын жерге 15 ірі қара мал, 25 бас қой, ал әрбір 100га жыртылатын жерге 10 бас шошқа және 3 жылқы , әрбір 100га астық дақылдарының егістігіне 200 құс жоспарланады. Жыртылатын жердің шамамен 50 пайызына астық дақылы өседі, сондықтан құстарды жоспарлауды ескеру керек. Құс бос ұстағанда мынадай мөлшерде құс саңғыры,ы шығады:

Тауық 6-8кг (6,7)

Үйрек 8-10кг

Каз 10-12кг (7,9)

Шаруашылықтағы дайындалған органикалық тыңайтқыш мөлщерін түрлі әдіспен анықтауға болады.

Бірінші әдіс.Әрбір бас малдан қолда ұстау кезеңінде алынатын көң мөлшерін, барлық малдың санына көбейту арқылы есептен шығарамыз.

 

 

Предыдущая статья:Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат Следующая статья:Кесте. Шаруашылықта дайындалған органикалық тыңайтқыштардың мөлшері
page speed (0.0182 sec, direct)