Всего на сайте:
282 тыс. 988 статей

Главная | Агрономия, Сельское хозяйство

Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат  Просмотрен 70

Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 17 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 2 017 638 адам (2018)[3] . Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 7,3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м) 1 км2-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км2-ге 2,6 адамнан келеді. Олардың 30,3 пайызы (Алматы қаласын қоспағанда) қалада тұрады. Қалалары: Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқан.

Жамбыл ауданы — Алматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Аудан 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 19,3 мың км². Тұрғыны 122,9 мың адам, орташа тығызд.

1 км²-ге 6,3 адамнан келеді (2009). Аудан жеріндегі 62 елді мекен 1 кенттік және 23 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орталығы – Ұзынағаш аулы. Ж. а-ның оңт-н Іле Алатауының батыс, оңт.-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солт-ке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, т.б. кездеседі. Климаты континенттік, оңт-нде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңт-нде –8°С, солт-нде –12°С, шілдеде оңт-нде 20°С, солт-нде 25°С. Тау етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 500 мм, солт-нде 200 – 300 мм шамасында. Таулардан Күрті өз-нің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа). Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады.
Өзендерінің егін суғару, шабындықты суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор. Жері оңт-тен солт-ке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солт-ндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі. Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің аумағы 1,7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шилібастау, Қопа т. ж. ст-лары бар.

Жамбыл ауданы Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1928 жылы құрылған. Аумағы 19320,72 шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 24 ауылдық кенттік округтер, 61 елді мекен бар. Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылы.

 

Предыдущая статья:Кіріспе Следующая статья:Шаруашылықта органикалық тыңайтқыштарды жинау және оларды пайдалану.
page speed (0.0135 sec, direct)