Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Экономика

Лекцияның қысқаша мазмұны.  Просмотрен 542

Өнімнің өндірістік жоспарын өндірістік бағдарлама деп атайды. Ол өндірістік күштің негізінде құрастырылады.

Кәсіпорынның өндірістік күші – бұл жаңа технологияны және еңбекті ұйымдастыру, өндірістік алаңдарды, құралдарды толық пайдаланғанда берілген номенклатурада белгілі бір уақыт кезеңінде өнімді максималды шығару. Өндірістік күш натуралды бірлігімен анықталады.

Номенклатура – бұл кәсіпорында қандай өнім атаулары шығарылатындығын анықтайтын тізім.

Ассортимент – осы атаулардың ішіндегі өнім түрлерінің тізімі, комплекті.

Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері натуралды, заттай өнім шығару мінездемесі және бағалы, ақша түрінде өнімді шығару мінездемесі болып бөлінеді.

Бағалыға жататындар:

1. Тауар өнімі – сатуға арналған дайын өнім.

ТП=ГП+ПФ+У+Об+Кр

ГП – дайын өнім, ОТК-дан өткен және жүктеуге дайын;

ПФ – жартылай фабрикаттар басқа жерге сатылатындар;

У – қызметтер

Об - өзі дайындаған құралдар;

Кр –шаруашылық түрімен орындалатын, күрделі жөндеу.

2. Жалпы өнім – арналған және оның дайындық сатысына қарамастан кәсіпорында өндірілген, барлық өнімді қамтиды.

ВП=ТП+Н

Мұндағы, Н – бітпеген өндірістің қалдықтары.

3. Сатылған өнім – бұл кәсіпорынның арнайы есеп шотына өнімді сатудан түскен ақшалар. Нақты сатылған көлемде ғана тауар өнімі сияқты, сол элементтерді қамтиды. Сатылған өнім көлемін есептегенде жылдың басындағы және аяғындағы кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім қалдықтары ескеріледі.

4. Таза өнім – кәсіпорында қайта құрылған бағалар. Таза өнім – бұл амортизацияны және материалдық шығындарды алып тастағандағы жалпы өнім.

 

Предыдущая статья:Лекцияның қысқаша мазмұны. Следующая статья:Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуы.
page speed (0.0173 sec, direct)