Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Химия

Монокарбон қышқылдарының беттік қасиеттері.  Просмотрен 1761

Бір негізді қаныққан карбон қышқылдарының жалпы формуласы СпН2п+1СООН немесе R-СООН. Қаныққан карбон қышқылдарының судағы еріті-нділерін зерттегенде, қышқыл құрамындағы көмірсутекті тізбек әрбір – СН2 – тобына көбейген сайын, олардың адсорбциялық қаблеті шамамен 2-3 есе артады. Бұл Трабе-Дюкло ережесі деп аталады. Монокарбон қышқылындағы тізбек ұзындығы арифметикалық прогрессиямен өссе. Ал олардың беттік активтілігі геометриялық прогрессиямен артады. Траубе-Дюкло ережесі тек аса сұйық /төмен концентрациядағы/ ерітінділер үшін ғана қолданылады. Мысалы, беттік активті заттар концентрациясы аз болғанда олардың гидрофобты бөлігі ерітінді бөлігіне орналасады. Ал егер оның концентрациясын жайлап жоғарлатса, онда адсорбцияланған ерітінді бетін толтырып, қаныққан қабат құрайды.

Бұл жерде суда еріген беттік активті заттар молекулаларының қалдығы бір молекулакөлеміне теңелетіндей, яғни жеке солекула /мономолекуладан/ тұратын адсорбциоланған зат көрінеді. Осы тұста Траубер-Дюкло ережесінің қалыпты температура үшін қолданылатынын айта кету қажет. Ө!йткені адсорбция кезінде температура жоғары болса, онда десорбция құбылысы басымырақ болып, адсорбция нашарлайды., мұның нәтижесінде беттік активтілік төмендейді.

 

 

11-Лекция. ТҮСТІЛІК ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗІ.

 

12-лекция. САПАЛЫҚ АНАЛИЗДЕРДІҢ НЕГІЗІ.

 

Аналитикалық химия заттардың сапалық құрампын, сандық мөлшерін зерттейтін ілім. Сондықтан ол сапалық және санндық внвлиз болыа екіге бөлінеді. Сапалық анализде зерттелетін заттың құрамында қандай элементтер, молекулалар, иондар бар екені, ал сандық анализде заттың құрамындағы элементтердің, молекулалардың және иондардың мөлшері анықталады.

Сапалық және сандық анализде заттардың құрамын, мөлшерін анықтау үшін химичфлық және физикалық әдістер пайдаланылады.

Сапалық және сандық анализ ғылыми-зерттеу жұмыстарда, өндірістерде, медицинада, ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында кеңінен қолоданылады.

Анализ мәліметтері технологиялық процестерді дұрыс ұйымдастыру арқылы өнімнің сапасын жақсартып, өндірістің қарқынын арттыруға, қоршаған ортаға тигізетін зиянын болдырмауға мүмкіншілік береді.

Кез келген өндірісте, ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаға шығарылатын улы газдар, қалдық сулар жан-жануарлардың, өсімдіктердің өміріне үлкен зиянын тигізеді. Олармен күресі тек қана өндіріс және ауылшаруашылық мамандарының міндеті емес, бұл проблеманы шешуде инженер-эколог мамандарының атқаратын ролі өте жағары. Сондықтан инженер-эколог мамандарының сандық және сапалық анализ әдістерін жете меңгергені дұрыс.

Сапалық анализ.

Сапалық анализдің мақсаты заттың, қоспаның құрамындағы элементтерді, иондарды анықтау. Бұл үшін аналитикалық реакциялар қолданылады. Аналитикалық пеакцияларда анықтайтын элементтерге, иондарға тән өзгерістер байқалуға тиіс, мысалы, гахдың бөлінуі, тұнбаның түсуі немесе еруі, ерітіндінің түсінің өзгеруі т.б.

Сапалық анализде қолданылатын реакциялар өте жылдам жүруге сезімталдығы жоғары және мүмкіндігінше қайтымсыз болуға тиіс. Аналитикалық реакциялар электролит ерітінділерде иондар арасында жүретіндіктен сапалық анализде элементті анықтамайды анион мен катионды анықтайды.

Иондардың аналитикалық классификациясы оларға белгілі реагент топтарының әсеріне негізделген. Мысалы, катиондарды қышқыджық-сілтілік классификациялау төрт реагенттің әсеріне негізделген: 2 М НСІ, 1 М Н2SO4, 2 M NaOH және аммиактың концентрациялы ерітіндісіне.Катиондардың қышқылдық-сілтілік әдіс классификациясы № 1 кестеде келтірілген.

 

№ 1 кесте

 

Аналитикалық топ Топтық реагент Катиондар Топтық реагенттердің әсері
  Бірінші 2 М НСІ     Ag+, Pb2+, Hg2+   Тұнба: AgCI, PbCI2, HgCI2
  Екінші 1 М Н2SO4     Pb2+, Са2+, Ва2+   Тұнба: PbSO4, CaSO4, BaSO4
  Үшінші   2 M NaOH   AI3+, Cr2+, Zn2+ Ерітінді: [АІ(OH)4]2-, [Cг(OH)4]2-, [Zп(OH)4]2-,
  Төртінші   Аммиактың конц-лі ерітіндісі   Fe2+, Fe3+, Mg2+, Mn2+   Тұнба: Fe(OH)2, Fe(OH)3, Mg(OH)2, Mn(OH)2,
  Бесінші     - / -   Cu2+, Ni2+, Co2+   Ерітінді: [Cи(NH3)4]2+,[ Ni(NH3)4]2+, Co(NH3)4]2+,
  Алтыншы     Топтық реагент жоқ   NH4+, Na+, K+   -  

 

Аниондардың сапалық анализі негізінде әр анионға тән қаситті және жоғарғы сезімталдылығы бар реакциялардың көмегімен жеке әдіспен өткізіледі. Топтық реагенттер тек анализдің бастапқы кезінде аниондық топтардың бар немесе жоқ екенін анықтау үшін қолданылады. Ең кең тараған аниондардың классификациясы барий және күміс тұздарының әр түрлі ерігіштігіне негізделген.

Аниондардың классификациясы № 1 кестеде келтірілген.

№ 2 кесте

  Аналитикалық топ   Топтық реагент   Катиондар   Топтық реагенттердің әсері
  Бірінші   ВаСІ2-нің бейтарап немесе әлсіз сілтілік ерітіндісі   SO42-, SO32-, S2O32-   Тұнба: BaSO4, BaSO3,
  Екінші   AgNO3 ерітінді   СІ-, Вг-, І-, S2-   Тұнба:AgCI, AgBг, AgI, Ag2S
  Үшінші   Топтық реагент жоқ   NO3-, CH3COO-6 MпО4-   -

 

Предыдущая статья:КЕШЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАР Следующая статья:Лекция. САНДЫҚ ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗ.
page speed (0.0223 sec, direct)