Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Химия

Ышқылдардың, негіздердың және түздардың сулы ерітшділерде диссоциациялануы.  Просмотрен 1290

Электролиттік диссоциация теориясы арқылы қышқылдарға, негіздерге және тұздарға анықтама беріп, олардың қасиеттерін сипаттайды.

Диссоциация кезінде катион ретінде тек қана сутегі катионы түзетін электролиттерді қышқылдар деп атайды.

Қышқылдың негізділігі диссоциация кезінде түзілетін сутегі

катиондарының санымен анықталады. Мәселен, НСl, НNО3 – бір негізді қышқылдар, Н2SO4, Н2СО3 – екі негізді, Н3РO4, Н3АsO4 – үш негізді.

Бір негізді қышқылдар – бір сутегі катионын түзеді:

 

 

Көп негізді қышқылдар сатылама диссоциацияланады:

 

(бірінші саты);

(екінші саты) ;

(бірінші саты);

(екінші саты);

(үшішш саты).

 

Диссоциация кезінде анион ретінде тек қана гидроксид ионын түзетін электролиттерді негіздер деп атайды.

Негіздердің қышқылдылығы олардың гидроксил топтың санымен анықталады.

Бір қышқылды негіздер – бір гидроксил топ анион түзеді:

 

NaОН ↔ Nа+ + ОН

КОН ↔ К+ + ОН .

 

Екі және көп қышқылды негіздер сатыланып диссоңиацияланады:

 

Са(ОН)2 ↔ Са(ОН)+ + ОН (бірінші саты);

СаОН+ ↔ Са2+ + ОН (екіншісаты).

 

Кейбір электролиттер диссоциацияланғанда сутегі катионы мен гидроксид ионын түзе алады. Бұл электролиттерді амфотерлі деп атайды. Оларға мырыш, хром және тағы басқа заттардың гидроксидтері жатады. Мысалы:

 

Zn2+ + 2OH ↔ Zn(ОН)2 2H+ + ZnO .

Диссоциация кезінде металл катионы мен қышқыл қалдықтарының аниондары түзетін электролиттерді тұздар деп атайды:

 

СаСl2 ↔ Са2+ + 2Сl

Аl2(SO4)3 2Аl3+ + 3SO

(NH4)2SO4 2NH + SO .

 

Қышқылдық және негіздік тұздар сатыланып диссоциацияланады. Қышқылдық тұздарда алғашында металл иондары, ал одан кейін сутегі ионы бөлінеді. Мәселен,

КНSO4 ↔ К+ + НSO

НSO ↔ H+ +SO .

Негіздік түздарда алғашында қышқыл қалдығы, ал одан кейін гидроксид ионы бөлінеді. Мәселен,

 

Мg(ОН)Сl ↔ Мg(ОН) ++ Сl

Мg(ОН)+ ↔ Мg2 + ОН .

 

Предыдущая статья:ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ. Следующая статья:Диссоциациялану константасы.
page speed (0.0146 sec, direct)