Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Химия

ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ.  Просмотрен 7145

Суда ерігенде электролиттердің иондарға ыдырауын электролиттік диссоциация деп атайды.

1887 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус электролиттердің қасиеттерін түсіндіру үшін өзінің электролиттік диссоциация теориясын ұсынды. Бұл теория мынадай негізгі қағидалардан тұрады:

1. Электролиттер суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).

2. Электр тогының әсерінен иондар бағытталған қозғалысқа ие болады: оң зарядталған иондар катодқа, теріс зарядталган иондар анодқа қарай қозғалады. Біріншілерін катиондар, екіншілерін аниондар деп атайды.

3. Диссоциация кайтымды процесс. Молекулалардың иондарға ыдырауымен (диссоциациялануымен) қатар иондардың қосылу процесі (ассоциациялану) жүреді. Сондықтан диссоциация теңдеуін жазғанда теңдік белгісінің орнына қарама-қарсы бағытталған стрелкалар қояды. Мысалы, КА электролит молекуласының К+ катионы мен А анионына диссоциациялану теңдеуі бойынша жазылады:

Предыдущая статья:Химиялық тепе-теңдік Следующая статья:Ышқылдардың, негіздердың және түздардың сулы ерітшділерде диссоциациялануы.
page speed (0.0214 sec, direct)