Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Химия

Химиялық кинетика  Просмотрен 1428

Химиялық реакцияның жылдамдығы туралы ілімді химиялық кинетика дейді. Реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының белгілі бір уақыт мөлшерінде өзгеруімен сипатталады. Жылдамдық V – әрпімен белгіленеді, өлшемі моль/л.

Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрациясына, температурасына, олардың табиғатына және катализатордың қолданылуына тәуелді.

Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрация-сына тәуелдігі массаның әсер ету заңымен анықталады. Бұл заң бойынша химиялық реакцияның жылдамдығы коэффициенттері дәрежеге шығарылған әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тура пропорционал. Мысалы:

 

,

 

мұнда: а, в, с – А, В, С заттардың алдындағы коэфициенттері.

 

Осы реакцияның жылдамдығы:

 

V = К · САа · СВв,

 

мұнда: К – жылдамдық тұрақтысы, ол әрекеттесуші заттардың табиғатына және температураға тәуелді. Реакция жылдамдылығының температураға тәуелдігі Вант-Гофтың жуық шама ережесімен анықталады. «Әрекеттесуші заттардың температурасы әр он градусқа көтерілгенде реакция жылдамдығы екі-төрт есе артады». Бұл ереженің математикалық өрнегі:

 

 

мұнда: V0, Vtt0 және t1 температурадағы жылдамдық; γ –температуралық коэффициент.

Предыдущая статья:Химиялық термодинамика Следующая статья:Химиялық тепе-теңдік
page speed (0.018 sec, direct)