Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Биология, Зоология, Анатомия

Сімдіктердің қоректік ортаны дайындау әдісі  Просмотрен 1001

1.1. 500 мл агар-агар (немесе желатин) дайындайды: агарды ыссы дистилденген сумен араластырып, қайнатады;

1.2. ыстық ерітіндіні стаканға 6-7 см-дей құйып, ортасына салқын су бар пробиркаларды орналастырады;

1.3. ерітінді суытып, стаканды төнкереді, пробиркаларды ыссы сумен толытырып, стаканнан алады;

1.4. пробирканың орында ойыстар қалып, оларға әр түрлі химиялық қосылыстарды құяды, мысалы N4H2PO4, NaCl;

1.5 бір ойысқа дистилденген су қосады – ол жұмыстың бақылауы;

1.6. ойысқа жақын 4-5 тік канал жасап (ыссы инемен, сыммен), пинцетпен әр бір каналға өскінді енгізеді;

1.7. стаканды Петри табақшамен (оның түбінде ылғалданған фильтр қағазы болу керек) жауып, қараңғы жерге қойады. Стаканды 2-3 күн сайын тексеріп тұрады.

2. Апикальді доминанттылығы:

Төбелік бүршік жанама (немесе қолтық) бүршіктің өсу жылдамдылығын тежейді, яғни апикальді доминанттылығы байқалады. Осы құбылысы төбелік бүршіктін бөліп шығаратын ауксин гормонына байланысты. Ауксин жоғарыдан төмен қарай тасымалданады. Апикальді доминанттылығының механизмді түсіндіру үшін бірнеше пікір ұсынған:

1) ауксин жанама бұтақтардын өсуін тежейді;

2 ) ауксин арқылы төбелік бүршік су мен қор заттарды (негізінен-азоттық қосылыстар) өзіне қарай тарытады;

3) индолилсірке қышқылы (ИСҚ) арқылы өсу ингибиторлары түзіледі, ингибитор жанама бүршіктерге сіңіп, олардың ашулуын тоқтатады.

Апикальді доминанттылығын анықтау үшін лабораторияда 6 бұршақ өсімдікті өсіреді. 4 өсімдікте алмазпен сабақтың ұшын кесіп алады. Екеуінің кесінділердің бетін ИСҚ, екеуіне – су пастасымен (оны дайындау үшін 5гр. ланолинді 5мл. суда ерітеді ) жағады, басқа өсімдіктерді сол күйінде қалдырады. Өсімдіктерді жарыққа қойып, күн сайын суарады.

Бірнеше күннен өсімдіктерді зерттеп, жанама бүршіктің ашулуын анықтайды.

Сұраққа жауап беру: 1. ИСҚ-ың, ауксинның маңызы. 2. Неліктен бір тәжірибиеде бүршіктер ашылады, ал басқасында – ашылмай қалады?

 

Блиц тест:

1.Өсімдік клеткалары өсуі мен дифференциялануы үшін ортада қандай гормондар болуы қажет: А) ауксин мен цитокинин Б) цитокинин мен глютамин В) ауксин, цитокинин және глютамин С) ауксин және глютамин Д) Барлық жауап дұрыс   4. Өсімдіктер өнімділігін биотехнология арқылы қанша жолмен жоғарылатады: А) 1 Б) 2 В) 3 С) 4 Д) 5
2. Бір клеткадан алынатын культура: А) Таза культура Б) Клон В) Штамм С) Түр Д) Туыс   5. Өсімдіктер түзетін антибиотик: А) Иманин Б) Пенициллин В) Лизоцим С) Иманин және пенициллин Д) Грамицидин  
3.Өсімдік культурасын өсірудің қанша тәсілі бар: А) 1 Б) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 6. Каллус деп : А) Бұрыннан бар клеткалардан пайда болған ұлпа Б) Қоректік ортадағы клеткалардың ретсіз бөлінуінің нәтижесінде пайда болған ұлпа В) Бөлінбейтін клеткалардан пайда болған ұлпа С) жабын ұлпа Д) механикалық ұлпа

Бақылау сұрақтары:

1.Өсімдік жасушасының мәдиниеті туралы түсінік

2. Каллус: құрылысы, түзулуі, өсіру әдісі

3. Өсімдіктің in vitro жағдайында микрокөбеюі

Терминдерге анықтама берініз:Апикальдық меристиманы өсіру, ауксин, цитокинин, жасанды қоректік орта, in vitro, in vivo, каллус

Әдебиеттер тізімі:

1. Жубанова А.А., Абдиева Т.Ж., Шопшібаев Қ.К. «Биотехнология негіздері», Оқу қуралы, Алматы, «Қазақ университеті» 2006 .

2. Шоқанов Н.Қ., Сағындықова С. С. Биотехнология

3. Жубанова А.А., Савецкая И.С. «Инженерная энзимология», уч. метод. пособие, Алматы, КаЗГУ, 19991.

4. Егорова Т. А., Клунова С. М., Живухина Е. А .«Основы биотехнологии», Учебное пособие, Москва, «Академия» 2003

 

№13,14 Практикалық сабақ

Предыдущая статья:Сатысы. Этанол алу Следующая статья:Аквариумдағы ластанғыштардың таралуы.
page speed (0.0205 sec, direct)