Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Биология, Зоология, Анатомия

Сатысы. Этанол алу  Просмотрен 2525

Реактордан алған сұйықтықты марлі арқылы өткізіп, кейін фильтрлі қағазбен сүзеді. Алынған филтратты Вюрц колбасына көшіреді де оны термометр қойылған тығынмен жабады. Колбаны тіке тоңазытқышқа жалғап этил спиртін бөліп алу қажет. Спирттің фракциясын t-78°С болғанда жинаған дұрыс, одан төменгі температурада алынған фракцияны төгу керек. Отгонка жасау t-79°С-қа көтерілгенде тоқтатылады.t-78°С болған кезде алынған сұйық фракцияны жинау қажет.

Зертхана нәтижесінде алынған нәтиже мынадай болуы керек:

1. Алынған сұйықтық тығыздығын спиртометрмен өлшейді. Тығыздығы (плотность) 95°-дан аз болмауы керек.

2. Алынған сұйықтықта этил спиртіне ғана тән иіс болуы керек, қосымша иіс болмауы тиіс.

3. Алынған сұйықтық жануы керек. Ол үшін сұйықтықтан 5 мл алып форфор ыдысқа құяды да тұтатады. Сонда сұйықтық түссіз, көгілдір болып жануы керек.

Алынған сұйықтыққа қорытынды жасаңыз.

Блиц тест:

1. Ауыл шаруашылығының қандай қалдықтары биотехнологияда пайдаланылады: А) Малдың қиы Б) Сабанның гидролизаты В) Тоңазытқыштар С) Өсімдіктердің тамырлары Д) Өсімдік қалдықтары   4. Аминқышқыл құрамы бойынша тепе-теңдескен белоктың қайсысы этанол болып саналады: А) Жануарлардың бұлшықетінің белогы Б) Тауық жұмыртқасының белогы В) Бауырдың белогы С) Балықтың уылдырығының белогы Д) Бидайдың белогы  
2. Микроорганизмдер арқылы алынатын сұйық отынды белгілеңдер: А) Бензин Б) Этанол В) Ацетон С) Бутанол Д) Метанол   5. Этанолды алу үшін шикізат ретінде пайдаланылатын сульфидті шлактар қандай өндірістің қалдығы болып саналады: А) Қант өндірісінің Б) Ауыл шаруашылығы өндірісінің В) Сыра дайындау өндірісінің С) Целлюлоза - қағаз өндірісінің Д) Ағаш өңдеу өндірісінің  
3. Этанолды бидайдан және картоптан алу көп кезеңді үдеріс (процесс) болып саналады. Кезеңнің қайсысы ферментативтік жолымен өтеді: А) Шикізатты майдалау Б) Клейстеризациялау В) Крахмалды қанттылау С) Бражканы алу Д) Дистилляциялау 6 Өндірісте этанолды алу кезінде түзілетін қосымша өнімдер: А) СО2 Б) сірке қышқылы В) СО2 ашытқы С) Сутегі Д) Мета  

Бақылау сұрақтары:

1 Биотехнологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелері

2 Экологиялық биотехнология

3 Биоэтанолды алу, оның сатылары

4 Биогаз алу

5 Экологиялық биотехнологияның Қазақстандағы жетістіктері

Терминдерге анықтама берініз:экологиялық биотехнология, биоэтанол, солод, этанол, крахмал, гидролиз, моносахарид

Әдебиеттер тізімі:

1. Жубанова А.А., Абдиева Т.Ж., Шопшібаев Қ.К. «Биотехнология негіздері», Оқу қуралы, Алматы, «Қазақ университеті» 2006 .

2. Шоқанов Н.Қ., Сағындықова С. С. Биотехнология

3. Жубанова А.А., Савецкая И.С. «Инженерная энзимология», уч. метод. пособие, Алматы, КаЗГУ, 19991.

4. Егорова Т. А., Клунова С. М., Живухина Е. А .«Основы биотехнологии», Учебное пособие, Москва, «Академия» 2003

 

№11,12 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру. Апикальді доминанттылығы

Сабақтың мақсаты: жасанды ортада өсіру әдісімен танысу, апикальді доминанттылығының маңызын анықтау

Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар:агар-агар, колба, пробиркалар, стакан, дистилденген су, N4H2PO4, NaCl, Петри табақшасы, фильтр қағазы, бұршақ өсімдігі, индолилсірке қышқылы, су пастасы.

Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау

IV. Тапсырмаларды орындау

V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

Жұмыс барысы:

Предыдущая статья:Май қышқылын сапа реакциясы бойынша анықтау. Следующая статья:Сімдіктердің қоректік ортаны дайындау әдісі
page speed (0.0226 sec, direct)