Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Биология, Зоология, Анатомия

Май қышқылын сапа реакциясы бойынша анықтау.  Просмотрен 1242

Май қышқылы өскен қоректік ортадан 5 мл алып, оған 0,5 мл 95 %-ті этил спиртін және 1-2 мл концентрлі күкірт қышқылын қосады. Сонда ананас иісіне ұқсас май - этил эфирі түзіледі.

Өзгерістерді бақылап, қорытындысын жазу керек.

 

Блиц тест:

1. Сүт қышқылдық ашудың аралас түрі: А) Гетероферментативті Б) Гомоферментативті В) Голофитті С) Ферментатифті Д) Барлығы дұрыс   4. Тек сүт қышқылы түзетін ашу процесі: А) Гетероферментативті Б) Гомоферментативті В) Голофитті С) Ферментатифті Д) Барлығы дұрыс  
2. Қымыздағы ашу процесінің түрі қандай: А) Сірке қышқылдық Б) Сүт қышқылдық В) Сүт қышқылдық және спирттік С) Спирттік Д) Пропион қышқылды ашу Д) Май қышқылды ашу   5. Ашу процесінің түріне жатпайды: А) май қышқылды Б) пропион қышқылды В) сірке қышқылды С) амин қышқылды Д) сүт қышқылды  
3. Спирт өндірісінде қолданылатын ашытқы түрлері: А) Төменгі және жоғары Б) Төменгі, жоғары және беткі В) Жоғары және беткі С) Төменгі және түптік Д) Дұрыс жауабы жоқ   6. Спирт өндірісінде пайдаланылатын микроорганизмдер: А) Saccharomyces туысы Б) Pseudomonas туысы В) Mycobacterium С) Chlorella vulgaris Д) Bacillus megaterium  

Бақылау сұрақтары:

1. Ашу процесі туралы түсінік, онын түрлері

2. Спирттік ашу процесі және оның тәсілдері

3. Сүт қышқылды ашу процесі, оның түрлері

4. Органикалық қышқылдарды алу

Терминдерге анықтама берініз:ашу, спирттік ашу, сүт қышқылды ашу, май қышқылды ашу, гликолиз

Әдебиеттер тізімі:

1. Жубанова А.А., Абдиева Т.Ж., Шопшібаев Қ.К. «Биотехнология негіздері», Оқу қуралы, Алматы, «Қазақ университеті» 2006 .

2. Шоқанов Н.Қ., Сағындықова С. С. Биотехнология

3. Жубанова А.А., Савецкая И.С. «Инженерная энзимология», уч. метод. пособие, Алматы, КаЗГУ, 19991.

4. Егорова Т. А., Клунова С. М., Живухина Е. А .«Основы биотехнологии», Учебное пособие, Москва, «Академия» 2003

 

№7,8 Практикалық сабақ

Тақырыбы:Тамақ өнімдері өндірісінде микроорганизмдерді қолдану

Сабақтың мақсаты: Тамақ өнімдері өндірісінде микроорганизмдерді қолдануды үйрену

Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: қантты өнім, реактивтер, натрий фосфаты, кальций карбонаты, сахароза, реактор, термостат, резинке қолғаптары, газ шығарушы түтікті пробка

Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау

IV. Тапсырмаларды орындау

V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

 

Көміртегі қосылыстарының ішінде оңай және шапшаң минералданушылары – қанттар мен крхмал. Пектин, клечатка сияқты көміртегінің біраз мөлшері бар заттарды микроорганизмдер ыдырата бермейді. Аэробты жағдайда көміртегі бар органикалық заттар едәуір ыдырап, ең соңғы өнім, яғни көмірқышқыл газы мен су түзіледі.

 

С6Н12О6 +6О2→ 6С2О + 6Н2О + 2822 кДЖ

Бұнда энергия толық босап шығады да, оны тыныс алу деп атайды.

Ал анаэробты жағдайда, яғни оттегі тапшы болғанда органикалық заттардағы көміртегі қосылыстары ашу процесі бағытында өтеді. Сонда ортада аралық өнімдер: спирттер (этил, бутил) және әр түрлі қышқылдар (сүт, май, сірке, пропион т.б), газ тәріздес заттар: сутегі және көмірқышқыл газы пайда болады.

Микроорганизмдер көмегімен ашу процесі адамзат тұрмысында нан пісіру, сыра қайнату, шарап жасау, көкөністерді ашыту, сүрлем салу, сүт тағамдарын даярлауда кеңінен қолданылып келеді.

Спирттік ашу дегеніміз - микроорганизмдер көмегімен анаэробты жағдайда көмірсулардың этил спирт пен көмір қышқыл газына дейін ыдырауын айтады. Ашудың аралық өнімдері фосфоглицерин, пирожүзім қышқылдары және сірке альдегиді, ал қосымша заттар ретінде глицерин т.б заттар түзіледі. Спирттік ашу процесін ашытқылар мен бактериялардың кейбір түрлері қоздырады. Ашу - көп сатылы ферментитивті процесс.

 

Жұмыс барысы:

3 кг көлеміндегі қантты өнімді жақсылап майдалап, реакторға салып үстіне су құйылады. Егер өнім шырынды болса су құйылмайды. Үстіне 1 г фосфор тұзын езіп салады да аузын жауып, оған ұшы қысқышпен қыстырылған газ шығарушы түтікті пробкамен жабады. Осы құралды түгелімен термостатқа (t-37°С) қою қажет. Ашу барысында газ бөлінеді. Егер газ жылдам көбірек жиналса, газ шығарушы түтікті суы бар стаканға салып қысқышты шамалап ашып, газды шығарады. Ашу процесінің аяқталғанын газ бөлінуінің тоқтауынан біледі.

Инкубациялық ерітіндіге 100 г қант қосу арқылы ашу процесін жаңартуға болады. Егер спирт түзілуі толық аяқталған болса, қантты қосқанмен ашу процесі жүрмейді.

Ашу процесіне 1 аптадай уақыт қажет. Сұйықтықты тығыз массадан сүзу арқылы бөліп алады. Алынған сұйықтықты ыдысқа құйып, холодильникке қояды.

Төменгі температурада шарап қышқылының тұздары тұнбаға түседі. Бұл процесті 1 литр өнімге 1 г бор қосу арқылы тездетуге болады.

Шарап қышқылының тұздарынан тазару процесін төмендегі сызбанұсқа арқылы түсіндіруге болады:

 

О О

| | | |

С — Н С — Н

| |

Н — С — ОН Н — С — О Са

| |

Н — С — ОН + Са2+ → Н — С — О

| |

С = О С = О

| |

ОН ОН

Реактордан алған сұйықтықты марлі арқылы өткізіп, кейін фильтрлі қағазбен сүзеді. Алынған сұйықтық шарап өнімі болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Жубанова А.А., Савецкая И.С. «Инженерная энзимология», уч. метод. пособие, Алматы, КаЗГУ, 19991.

2.Егорова Т. А., Клунова С. М., Живухина Е. А .«Основы биотехнологии», Учебное пособие, Москва, «Академия» 2003

 

№9,10 Практикалық сабақ

Предыдущая статья:І. Спирттік ашу процесі. Следующая статья:Сатысы. Этанол алу
page speed (0.0299 sec, direct)