Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Биология, Зоология, Анатомия

І. Спирттік ашу процесі.  Просмотрен 1685

Сыйымдылығы 250 мл колбаға50 мл 20% -ті қант ерітіндісін (сахароза) және 1 гр нан ашытқысын (алдымен10 мл сахароза ерітіндісіне езіп) салады. Ашытқыларды сабақ басталардан бұрын 1 сағат бұрын даярлап, жылы жерге қою керек. Сонда оның белсенділігі артады. Колбаға имек шыны орнатады да, оның шетін бариті бар колбаға кигізіп қояды. Ішінде ашитын сұйығы бар колбаны су моншасына (темп. 35-400С) орналастырады да әлсін-әлсін қыздырады. Бірнеше минуттан соң бариті бар колбада газ көпіршіктері жинала бастайды. Газ түзілу жиілене түскеннен бастап ашу өнімі көмірқышқыл газы бөлініп жатқаны белгілі болады. Ал барит суы көмірқышқыл газымен реакцияға түсіп, ВаСО3 түзіп лайланады. Дәл осы тәжірибеде спирт жиналуын көрсету қиын. Колбаны тығынмен жауып келесі сабаққа қалдырады.

Колбадан 2 мл сұйықтық алып, оған 2-3 мл ерітіндісіне – бихромат калийдің кристалдарын және бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын (Н2SO4 ) қосып, қоспаны спиртовка жалынында қыздырады. Бұнда хромның тотығуы әсерінен сұйық жасыл түске боялады.

 

K2Cr2O7+4H2SO4+3C2H5OH→ K2Cr2(SO4)4+3CH3CHO+7H2O

 

Спиртті оның арнаулы аспабта айдау әдісімен анықтайды. Аспап ішіне ашитын сұйық құйылған колбаны тығындайды. Тығынға ұзын (40-50 см) шыны түтікті орнатады. Колбаны ішіндегі сұйық бірқалыпты қайнағанға дейін қыздырады. Сонда шыны түтіктің сыртқы ұшынан спирт буы бөліне бастайды. Дәл сол жерге жанып тұрған шырпыны ұстаса спирт біткен соң ол өшіп қалады. Сұйықты қатты қайнату керек. Олай болмаса сұйық шыны түтіктен шығып кетеді де жалынды өшіріп тастайды.

Предыдущая статья:ЕПА (ет-пептон-агарын) дайындау Следующая статья:Май қышқылын сапа реакциясы бойынша анықтау.
page speed (0.0171 sec, direct)