Всего на сайте:
248 тыс. 773 статей

Главная | Биология, Зоология, Анатомия

ЕПА (ет-пептон-агарын) дайындау  Просмотрен 2196

ЕПС (ет-пептон-сорпасын) дайындау.

Бұл ортаны дайындау үшін 1% пептон, 0,5% химиялық жағынан таза ас тұзын қосып 10 минут қайнатады. Содан соң сорпаны қағаз сүзгімен сүзіп, оның қышқылдығын (рН) анықтайды. рН көрсеткішін 7,3-7,4 деңгейіне жеткізу үшін оған қышқыл немесе сілті қосады. Сорпаны су қосып бастапқы көлемге жеткізіп 10 минут қайнатады. Бұдан кейін пробиркаларға немесе колбаларға құйып 120 ºС температурада 20-30 минуттай автоклавта залалсыздандырады.

ЕПА (ет-пептон-агарын) дайындау.

Ол үшін 1 литр ет -пептонды -сорпаға 2-3 % мөлшерде агар-агар қосады. Агар-агарды эмальды кастрюльге салып, үстіне сорпа құяды да 120 ºС темп-да 30 минуттай автоклавта заласыздандырады. Дайын агарды тұндырады. Агарды автоклавта 1 күнге қалдыру керек. Сонда ол жайлап суыйды. Қатқан агарды шайқайды (кастрюльді алдын ала ыстық суға салып ысытады), тұнбаның төменгі жағын кесіп алып тастайды да, ал беткі жағын алып балқытады.

3. Картопты орта.Ортадайындау үшінбүлінбеген картоп түйнектерін таңдап аламыз. Егер де микробтар Петри табақшасында өсірілетін болса, картопты жалпақ етіп, ал пробиркада өсірілетін болса, ұзынша етіп кесіп, содан соң оны ұзынан ортасынан екіге бөледі. Клетканың шырынын бейтараптау үшін картоп тіліміне бор ұнтағын жағып Петри табақшасына салады. Петри табақшасының түбіне сүзгіш қағаз төсейді, ал пробирка түбіне суды сорып алу үшін мақта салады. Егерде қоректік ортаны пробиркада ұзақ уақыт сақтайтын болса, картоп тілімі құрғап ктепес үшін түбіне салынған қағаз астына су құйып қояды. Ортаны 1 атм. қысыммен 30 минут залалсыздандырады.

Орта даярланған соң бірден залалсыздандыруға беру қажет. Өйткені картоп көп тұрса қарайып кетеді де қолдануға жарамсыз болып қалады. Ал бірден қыздыру картоп ферменттерін ыдыратып, оның қарайып кетуін тоқтатады.

4. Құбыр суы құйылған колба және пробиркаларды микробиологиялық анализге арнап дайындау.

5. Дайындаған қоректік орталарды және шыны ыдыстарды автоклавта, кептіргіш пеште зарарсыздандыру

Блиц тест:

 

1. Қоректік ортаны қалай заласыздандырады: А) 120-124 ˚С ыстық бумен, қысымы 1 атм, 1 сағ Б) 200 ˚С құрғақ ыстықпен, 2 сағ В) 70 ˚С 15 мин С) Ағым сумен Д) Қайнатумен 4. Бактерия клеткаларының көбею фазалары: А) 1 Б) 2 В) 3 С) 4 Д) 5
2. Өнеркәсіптік ферментацияға арналған құбырларды қалай атайды: А) Биореакторлар Б) Автоклавтар В) Аэротенктар С) Чандар Д) Реакторлар 5.Лабораториялық жағдайда өнеркәсіптік штамдарды өсіруге арналған қоректік орталарға қойылатын негізгі талаптар: А) Физиологиялық қажеттілігіне сәйкес Б) Залалсыздандыруға жеңіл В) Ортаның консистенциясы С) МемСТ-қа сәйкес Д) Құрамының күрделігі
3.Қоректік орта тығыздығына қарай нешеге бөлінеді: А) 1 Б) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 6. Қоректік орта құрамына қарай нешеге бөлінеді: А) 5 Б) 4 В) 6 С) 3 Д) 2
  
 

Бақылау сұрақтары:

1. Микроорганизм клеткалары

2. Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер және олардың түрлері

3. Қоректік орта және олардың жіктелуі

4. Микробиологиялық синтез өнімдері

 

Терминдерге анықтама берініз:Қоректік орта,ЕПС (ет-пептон-сорпасы), ЕПА (ет-пептон-агары), Петри табақшасы, себінді, штамм, картопты орта, залалсыздандыру

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Жубанова А.А., Абдиева Т.Ж., Шопшібаев Қ.К. «Биотехнология негіздері», Оқу қуралы, Алматы, «Қазақ университеті» 2006 .

2. Шоқанов Н.Қ., Сағындықова С. С. Биотехнология

3. Жубанова А.А., Савецкая И.С. «Инженерная энзимология», уч. метод. пособие, Алматы, КаЗГУ, 19991.

4. Егорова Т. А., Клунова С. М., Живухина Е. А .«Основы биотехнологии», Учебное пособие, Москва, «Академия» 2003

 

 

№3,4 Практикалық сабақ

Тақырыбы:Микроорганизмдер колонияларын есептеп және олардың алуан түрлілігін зерттеу

Сабақтың мақсаты: Қоректік ортадағы микроорганизмдердің алуан түрлілігін түсіндіру.

Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Әрбір студентке арналып жабдықталған жұмыс столы болуы тиіс: Микроскоп (биологиялық), заттық және жабын әйнектер, бактериологиялық ілмек, стерильді пипетка, стерильді Петри чашкасы, агар-агар, иммерсиялық май,жаңа піскен сүт, бұрынғы сүт, пастерленген сүт, спиртовка, спирт, антибиотик, дистельденген су, термостат.

Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау

ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру

ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау

IV. Тапсырмаларды орындау

V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау

 

Жұмыс барысы:

1. Петри чашкаларындағы бактериялардың өсуін бақылап, өскен колониялардың санын есептеңіз.

Кестені толтырыныз

 

Петри чашкаларындағы колониялар санын анықтау

Вариант № Колониялар саны Колонияларды сипаттау
   
   
   
  

Қортынды:

2. Иммерсиондық объектив арқылы препараттарды қараңыз. Қандай бактерия түрін көрдіңіз? Суреттерін салып және оларды жазып алыңыз.

3. Антибиотиктер ерітінділерін дайындаңыз

5 мм дис су + 1таблетка антибиотик

2 мм дис су + 1таблетка антибиотик

3 мм дис су + 1таблетка антибиотик

Антибиотик ертінділерін микроорганизмдер колонияларына тамызыңыз. Петри чашкаларына 3-4 тәулікке жылы, жарық жақсы түсетін жерге қойыңыз.

Блиц тест:

 

1.Қоректік орталарға қойылатын талаптар қатарына жатпайды: А) өсу факторларының кіруі Б) ылғалдылыќ В) мөлдірлік С) РН, температура Д) құрғаќтық     4. Ферментациялық процесс іске асу үшін қандай обьектер қажет: А) Микроорганизм продуценті Б) автоклафтар В) аэротенктер С) микроорганизм продуценті, қоректік орта, биореактор Д) микроорганизм продуценті, аэротенктер, чандар
2. Қоректік ортада субстраттың болуына тәуелді бөлінетін ферментті атаңыз: а) конститутивті б) индуцибельді в) эндогенді г) экзогенді д) иммобильденген   3. Залалсыздандыру дегеніміз: А) Материалдар мен еріткіштерді барлық тірі организмдерден босату Б) Микрофлораны азайту В) Ауру қоздырғыш микроогранизмдерді жою С) Вегетативті клеткаларды жою Д) Түрлердің көптігін азайту     5. Бірінші реттік метаболиттер: А) Амин қышқылдары Б) Ферменттер В) Полисахаридтер С) Антибиотиктер Д) Алкалоидтар   6. Екінші реттік метаболиттер: А) Амин қышқылдары Б) Ферменттер В) Полисахаридтер С) Антибиотиктер Д) Витаминдер
 

Бақылау сұрақтары:

1. Қоректік ақуыз ретінде микробтық биомасса

2. Қоректік ақуыз ретінде қолданылатын микроорганизмдер

3. Биотыңайтқыштар және оларды түзетін микроорганизмдер

4. Биоремедиация

Терминдерге анықтама берініз:клетка, препарат, агар агар, желатин, колония, биореактор, активаторлар, пастеризация, стерилизация

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Жубанова А.А., Абдиева Т.Ж., Шопшібаев Қ.К. «Биотехнология негіздері», Оқу қуралы, Алматы, «Қазақ университеті» 2006 .

2. Шоқанов Н.Қ., Сағындықова С. С. Биотехнология

3. Жубанова А.А., Савецкая И.С. «Инженерная энзимология», уч. метод. пособие, Алматы, КаЗГУ, 19991.

4. Егорова Т. А., Клунова С. М., Живухина Е. А .«Основы биотехнологии», Учебное пособие, Москва, «Академия» 2003

№5,6 Практикалық сабақ

Предыдущая статья:Выживание рыб на отдельных этапах развития. Промысловый возврат, биологическое выживание, рыбоводный коэффициент Следующая статья:І. Спирттік ашу процесі.
page speed (0.0483 sec, direct)