Всего на сайте:
210 тыс. 306 статей

Главная | Биология, Зоология, Анатомия

ЛАСТАҒЫШ ЗАТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ  Просмотрен 34

 

А) Энергетикалық (физикалық): виброакустикалық әсер ету деңгейлерінің жоғары болуы (шу, діріл, инфра-, ультрадыбыстар), электромагниттік сәуле шығарулар, радиоактивтік ластанулар, т,б.

 

Б) Материалдық (химиялық) – түрлі химиялық заттармен ластану (өнеркәсіп және тұтыну заттарының қалдықтары)

 

В)Биологиялық – бактериялық-вирустық флорамен ластану.

 

 

Ғылымға 10 млн-нан астам органикалық қосылыстар белгілі екен. Оның 100000-ға жуығы кең ауқымды түрде қолданылады. Жыл сайын осы қатарға тағы да 1000-ға жуық жаңа атаулар қосылып, тізім толығып отырады. Бұл тізімдегілердің 1500-ға таяу түрлері барлық әлемдік өндірістің 95%-н құрайды. Міне, осы себепті де материалдық (химиялық) ластану мәселесінің өзкетілігі басқалармен салыстырғанда жоғарырақ болып есептеледі.

 

Материалдық (химиялық) ластағыш заттардың жіктелуі.

Токсиканттар –улы, денсаулыққа зиянды заттар.

 

Мутагендер - тірі ағзаға әсер етуі нәтижесінде тұқым қуалаушылық қасиеттеріне (генотипке) зақым келтіріп, мутациялық өзгерістерге де ұшыратады.

 

Онкогендер – қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелетін гендер.

 

Тератогендер – ата-анасының ағзасына әсер ете отырып, олардың ұрпағының туа біткен даму кемістіктеріне немесе ауытқушылықтарына әкеп соқтыруы мүмкін заттар.

 

КСЕНОБИОТИКТЕР (гр. “xenos” – бөтен, “bios” - өмір) – жасанды жолмен алынған, әрі табиғи орта мен адамға зиян келтіретін, яғни, “өмір үшін жат (бөтен) заттар”.

 

Предыдущая статья:Алдын-алу шаралары Следующая статья:Ауыр металдар.
page speed (0.1226 sec, direct)