Всего на сайте:
236 тыс. 713 статей

Главная | Биология, Зоология, Анатомия

Сыныпқа ойын элементтері қолданылған сабақ әдістемесі  Просмотрен 176

Сабақтың тақырыбы:Құстар – біздің досымыз

Сабақтың мақсаты: оқушыларға құстар туралы толық мәлімет беріп, сабаққа қызығушылығын ояту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: оқушыларға құстардың маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: сабақ барысында ойын элементін қолдану арқылы қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: қоршаған ортаны қорғауға және ондағы жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: ойын

Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың құрылымы:1. Ұйымдастыру

2. Ойынның барысы:

Сайысқа қатысатын топтарды таныстыру.

I. Сұрақ – жауап сайысы

(әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)

Дүние жүзінде құстардың қанша түрі бар? (8600)

1. Құстарды зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (орнитология)

2. Қазақстанда құстардың қанша түрі бар? (500-ден сас)

3. Құстар дене температурасы бойынша қандай жануарлар? (жылықанды)

4. Дене температурасы қанша градус? (+41, +43)

5. Дене салмағы 1,5 грамнан аспайтын ең кішкентай құс? (колибри)

6. Салмағы 80 - 90 килограмға жететін ең ірі құс? (түйеқұс)

7. Құстардың қандай мүшесі нашар дамыған? (иіс сезуі)

8. Тауық жұмыртқасынан неше күннен кейін балапан шығады? (21)

9. Әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген балапандар қалай аталады? (қызылшақа)

10. Ең көне құс қалай аталады? (археоптерикс)

11. Құстың қарны неше бөліктен тұрады? (2)

12. Безді қарын қандай қызмет атқарады? (тістің)

13. Құстар қалай тыныс алады? (қосарлы: өкпе, ауа қапшығы)

14.

Құстардың жүрегі неше қуысты? (4)

I. Тіл – өнер сайысы

(әр сұрақ жауапқа 20 ұпай)

1. Тал басында

Түндіксіз тау. (құс ұясы - гнездо)

2. Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды. (жапалақ - сова)

3. Дүниеде бір молда

Уағында азан оқиды.

Мезгілінде айқайлап,

Қайтып кеп жер шоқиды. (әтеш - петух)

4. Қайталап атымды,

Көктемде ән саламын.

Кез келген ұяға

Жұмыртқа табамын. (көкек - кукшка)

5. Садақша мойнын иілтіп,

Көрген жанды сүйінтіп,

Жүзгенде көлдің сәні өзі,

Судағы құстың нәні өзі.

Жердегі құстың серкесі,

Көктегі құстың еркесі. (аққу - лебедь)

II. Тапқырлық сайысы

(әр дұрыс жауапқа 20 ұпай)

1. Ең үлкен ұшатын құс? (африкалық дуадақ)

2. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс? (кезеген альбатрос, 75 - 85 күн)

3. Африкалық түйеқұс қалай аталады? (страус)

4. Қанатсыз түйеқұс қалай аталады? (киви)

5.

Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс? (пингвин)

6. Ең үлкен пигвин қалай аталады? (император)

7. Аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)

8. Қыран құстың мекиені қалай аталады? (ұябасар)

9. Етті бағытта өсірілетін бройлер балапандары қазақша қалай аталады? (отқа қақтау)

10. Жыл санауға кірген құс? (тауық)

III. Жұмбақтар әлемі сайысы

(әр дұрыс жауапқа 20 ұпай)

1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,

Қонса көл суы сирақтан келмейді. (тырна)

2. Құрлықта жүрсе маймаңдап,

Суда жүзсе қайықтай өседі. (үйрек)

3. Қарағайдың, шыршаның

Бүрін шағып уатты.

Бұл қандай құс, айтшы, дос,

Тұмсығы қайшы сияқты? (қайшы ауыз)

4. Алып құс деп барлық жәндік қашса да,

Жоламайды өлекседен басқаға. (тазқара)

5. Ұя сап, балапан баспайды,

Өз атын атап қақсайды. (көкек)

6. Тамылжытып әнімен

Ойды, қырды даланы,

Қай торғай, тапшы, бұл өзі,

Әр түрлі әнге салады.

(бұлбұл)

7. Дамылсыз барабан қағады,

Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)

8. Ауылдық жердің «сағаты»

Таусылар таңда тағаты.

Бұрауды керек етпейді,

Құлақтан даусы кетпейді. (әтеш)

9. Көктемде ерте келетін,

Үйімізге енетін,

Саздан соғып ұя істеп,

Балапанға беретін,

Бұл қай құс еді, балалар,

Өзіміз жақсы көретін? (қарлығаш)

IV. Викториналық сұрақтар сайысы

1. Ең кішкентай құсты ата. Салмағы қанша? (колибри, салмағы 2грамм)

2. Суыққа ең төзімді құстар. Қанша градусқа шыдайды? (қаз бен үйрек, 110 градусқа шыдайды)

3. Ең ұшқыр құс. Сағатына қанша километр? (шымшық, сағатына 320км)

4. Ең көп жұмыртқа салатын құс. (сары шымшық, 22жұмыртқа салады)

5. Салмағы 1 кг тауық өсіру үшін неше кг дәнмен қоректендіру қажет? (7кг)

6. Мекиен тауық 1кг қанша жұмыртқаға айналдырады? (7жұмыртқаға)

7. Қазір Қазақстанда бұрын болмаған қандай құс өсірілуде? (түйеқұс)

8. 2000 алаторғай 1күнде қанша көкқасқа шегірткені жеп құртады? (40кг)

Қорытынды.

Жиналған ұпай сандары бойынша үздік топ пен үздік оқушыны

анықтау [15,17].

 

Предыдущая статья:Іскерлік және танымдық ойындардың оқытудағы қызметі Следующая статья:Сыныпқа ойын элементтері қолданылған сабақ әдістемесі
page speed (0.1654 sec, direct)