Всего на сайте:
210 тыс. 306 статей

Главная | Педагогика

Мониторинг бала дамуын қадағалау процесс ретінде.  Просмотрен 11

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу шарттары.
  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру процесіне қосудағы кедергілер.
  3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері.
  4. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білімділік нәтижелерін қадағалау әдістері.
  5. Психикалық дамуы тежелген балаларға көрсетілетін ерте логопедиялық көмектің түрлері.
  6. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін анықтау және түзету жұмысындағы технологиялар.
  7. Психикалық дамуы тежелген ерте жастағы балаларды диагностикалау және түзете-дамыту жұмысының технологиялары.
  8. Психиканың қалыптасуындағы жасерекшеліктік заңдылықтары.
  9. Психологиялық және логопедиялық анықтау әдістері.
  10. Сәбилік, ерте жас балаларымен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысындағы технологиялар.
  11. Сәбилік, ерте жастағы балаларды диагностикалау және түзете-дамыту жұмысының технологиялары.
  12. Сөйлеу тілі тежелуін ерте анықтау.

Ауытқушылықтары бар балаларды нақты дағдыларға үйрету мен сабақтарды ұйымдастыру - өте қиын және аса маңызды міндет. Бұзылыстары бар балалардың қажеттіліктерін ескерумен бағдарламалардың бейімделуі барлық кезде дұрыс болып шықпайды. Кейде қолданылатын бейімдеу тәсілдері жағымды нәтижелерді өзгертеді, кейде нәтижелер күтулерге сәйкес келмейді. Сондықтан, бейімдеу көмегімен алынған нәтижелер міндетті түрде мониторингтен өткізілуі тиіс. Мониторинг - бір немесе бірнеше балалардың дамуын немесе қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгеруін қадағалау процесі. Мониторингтің мақсаты - баланың білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін және білім беру мекемесінде ұйымдастырылатын білім беру процесінің баланың дамуына әсерін анықтау. Мониторингтің нысанасы болып баланың физикалық, интеллектуалдық және жекетұлғалық қасиеттері табылады. Мониторинг екі компоненттен тұрады: білім беру процесінің мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгерудегі нәтижелерді қадағалау); бала дамуының мониторингі (білім беру бағдарламасын меңгеру курсынан соң баланың интегративтік қасиеттерінің дамуын бағалау негізінде жүргізіледі). Мониторингтің түрлері: баланы бақылау; әңгімелесулер; эксперттік бағалаулар; тесттік емес типтегі әдістемелер; көрсеткіштерді анықтауға бағытталған тесттер; скрининг-тесттер. Мониторинг екі деңгейде іске асырылады.Біріншіден, балалардың бейімделген іс-әрекет түрлеріне және сабақтарға қатысуын үнемі мониторингтеу, әдетте бұл балалардың барлық іс-әрекет түрлерін тікелей кәсіби бақылау.

Жиі қатысу (қатыспау) мөлшері (ұзақтылығы), күту уақыты және т.б. өлшенеді.Мониторингтің екінші деңгейінде балалардың үйренген іскерліктері және өзара байланыстарды меңгеруі мен пайдалануы қадағаланады. Балалардың үлгерімін (дамуын) мониторингтеудің бірқатар жүйелері бар. Таңдау қандай мәлімет жинақтау қажет және де оған қанша уақыт жұмсалатынына байланысты, бірақ, қалыптыдан ауытқушылығы бар балалар жағдайында, белгіленген мақсаттар бағытында баланың жылжуын формальды мониторинг шеңберінде қадағалау қажет. Әдетте мониторинг балаларды күнделікті өмірлік іс-әрекеттер процесінде тікелей кәсіби бақылау арқылы іске асырылады.Мониторингті күніге, апта сайын, әр екі апта сайын және т.с.с. өткізуге болады. Мониторингтің жиілігі бақыланатын іскерлік пен баланың даму жылдамдығына байланысты. Егер бала жеткіліксіз жылдамдықпен дамымаса, онда педагогтарға бағдарламаға өзгерістер енгізуге тура келеді.Балалар нақты іскерлікті меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда мониторингті жиі жүргізу қажеттілігі туындайды. Егер даму процесі шамамен тұрақты жүріп жатса, онда мониторинг сирек өткізіледі. Жиі өткізілетін мониторингтің мақсаты - сабақтарға немесе оқу процесіне енгізілуі қажет өзгерістерді анықтау. Балалардың дамуының мониторингін табиғи ортада, күнделікті сабақтар және өзара байланыстар барысында өткізу керек. Мониторингке мәлімет бақылаулар, күнделікті жүргізілетін жазбалар, ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлерін анықтау арқылы жинақталады.

Предыдущая статья:Мемлекеттік және мемлекеттік емес көмек беру жүйелері Следующая статья:Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу шарттары.
page speed (0.011 sec, direct)