Всего на сайте:
236 тыс. 713 статей

Главная | Педагогика

Жастағы балалардың психомоторлық дамуының көрсеткіштері.  Просмотрен 330

Балалық шақтың ерекшелігі:


1) Дене және психикалық дамудың қарқындылығы. Бала өмірдің бірінші кезеңінде өз салмағын еселейді,бойы орташа 25 см. өседі, кейінгі 2 жылда салмағы мен бойының өсу қарқыны қысқарады: екінші жылда ол 11см өсіп, салмағы 2,5-3 кг артады; үшінші жылда бойы 8см, салмағы- 1,5-2 кг артады.
11-12 айда бала өз еркімен жүре бастайды, 6-10 сөз айтады, 2 жасында – 200 - 300 сөз, 3 жасында 1200-1500 сөзге дейін. Бала қарапайым мінез-құлық ережесінмеңгеріп, оның құштарлығы, дағдысы,талғамы қалыптасады.


2) Бала организмі қамкөңілдігінің артуы, органдар мен жүйенің жеткіліксіз морфологиялық жетілуі. Дамудың тез қарқыны, қолайсыз фон күйінде болады – организм дамымаған кезде, бұл оның ренжігіштігін арттырады. Көп жағдайда балалар ішкі органдар іс-әрекетінің жетілмеушілігіне шалдығады. Бұған қоса, олар тез шаршайды, бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуы қиын, жоғары қозғыштықтарымен ерекшеленеді.


3) Дене және психикалық дамудың өзара байланысы. Бұл кез келген жасқа тән жалпы заңдылық, бірақ балалық шақта ол ерекше айқын, байқалады, себебі бұл кезде организмнің барлық іс-әрекеті қалыптасады. Өмірдің бірінші жылында баланың ақылы мен адамгершілігінің дамуы оның дене жағдайы мен көңіл күйіне тәуелді. Жүйке процестері салмақтылығының жеткіліксіздігіне, оның құбылмалылығына балалар арасындағы жанжал мен еркелік себеп болады.

Денсаулықтың нашарлауы төңірегіндегілердің қатынасына әсер етеді: әсерге алғырлығы төмендейді, бағдарлау реакциясы мұқалады, балалар бастапқы білгенін, сөйлеу және қозғалу икемін ұмытады. Бұл ерекшіліктерді білу балалардың денсаулығына мұқият қарауды, олардың жүйке жүйесін сақтауды талап етеді.


4) Сыртқа әсер қажеттілігі бірінші 3 айда байқалады. Оны қанағаттандыруда балада жағымды сезінуді, барлық төңірегіндегілерге қызығушылық тудырады. Бала ересектермен ұйымдастырылған және бағытталған әсерді неғұрлым көп алса, ол соншама оған мұқтаж. Ересектердің әсер етуінен осылай оның белсенділігі қалыптасады. Қозғалыс белсенділігі дене және ақыл-ой дамуын сәйкестендіреді. Қозғалыс жетіспеушілігі, тапшылық және төңірегіндегілердің бірсарынды әсер етуі психикалық дамудың тез төмендеуіне әкеледі.


5) Жоғары жүйке іс-әрекетінің ерекшелігі – жүйке жүйесінің төзімділік және функционалдық жетілуінің жетіспеушілігі, ми қабығы жүйке клеткаларының жұмысқа қабілеттілігінің баяу дамуы және т.б.
Жүйке процестерінің жетіспеушілігі (тежелу қалпы басымдылығы) балалар мінез-құлқының ерекшелігінде байқалады: олар тез қозады, көп қозғалады, күтуге қабілетсіз. Жүйке процестері қозғалғыштығының жетіспеушілігі ұйқыдан сергектенуге және сергектенуден ұйқыға, мерзімі ұзартылған реакциядан іске немесе басқа да жағдайларға ауысу қиындығынан туындайды.
Ми дамуы сыртқы ықпалдың, тәрбиенің әсеріненоның қарқынды қарекетін қамтамасыз етеді. Егер сыртқы әсер болмағанда немесе ол жетіспегенде орталық жүйке жүйесінің дамуы тежеледі. Н.М. Щеловановпен жоғарылатылған бұл ереже, кеңес үкіметі кезінде балабақша мекемелерінде орын алған психикалық госпитализмнің себебін ашу мүмкіндігін берді.
Госпитализм жабық түрдегі балабақша мекемелерінде тәрбиелетін балалардың дене және психикалық дамуын тежейтін теріс әрекеттер жиынтығын анықтайды. Балалар мінезінің және дұрыс даму барысының өзгеруі балабақша мекемелерінде балалардың өмірін дұрыс ұйымдастырмау, тәрбие рөлін (медико-гигиеналық күтімді және қозғалысты шектеу) дұрыс бағаламау нәтижесінде болады.Өмірдің екінші жылында келесі қасиеттермен сипатталады: бала сөйлеп, жүре бастайды, сөзі қарым қатынас құралы болады;

Предыдущая статья:Глава 12. Установление границ: вступая в союз с партнером, постарайтесь не утратить своей индивидуальности. Следующая статья:Ақыл-ойы дамуында бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысы.
page speed (0.1418 sec, direct)