Всего на сайте:
148 тыс. 196 статей

Главная | Экономика

Алғы сөз  Просмотрен 225

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ

Пәні бойынша 2016-2017 оқу жылына

СИЛЛАБУС

Барлық мамандықтар үшін

Дайындаған: Экономикалық теория

магистр оқытушысы

_________________Ошанова Ж.Ш.

Алматы 2016

Алғы сөз

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың экономикалық мәселелерді белсенді түрде талдай білуге, экономика жағдайын ойлау қабілетін, экономика туралы білімділік ой-өрістерін кеңейтіп, осыған байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыру болып табылады.

Экономикалық теория негіздерін оқыту міндеттері:

- экономикалық негізгі түсініктер және категориялар туралы білім беру;

- студенттерді экономикалық теорияның қағидалы және тәсілдерімен таныстыру;

- алған білімдерін шаруашылық іс-әрекеттерін жүргізу кезінде шешім қабылдауда дағдысын қалыптастыру;

- мемлекеттің макроэкономикалық жағдайы туралы талдау жасауды үйрету.

Ұсынылып отырған оқу құралы мемлекеттік стандартпен бекітілген экономикалық теорияның негізгі тақырыптарының қысқаша түсінікті етіліп жазылған мазмұнымен ерекшеленеді. Сонымен қатар әрбір тақырыптарда негізгі түсініктемелер мен атаулы сөздер және бақылау сұрақтары да алға тартылды. Оқу құралында негізгі түсініктер мен терминдердің сөздігі және қолданылатын оқулықтардың тізімдері де келтірілді.

 

Предыдущая статья:Политическая система Российского общества Следующая статья:БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.
page speed (0.0105 sec, direct)