Всего на сайте:
119 тыс. 927 статей

Главная | Химия

Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтары  Просмотрен 131

Химия кафедрасы

 

 

Химия және химияны оқыту әдістемесі пәні бойынша

 

5В011200-Химия мамандығына арналған

 

Мемлекеттік емтихан

сұрақтары

 

Шымкент, 2015ж.

Бейорганикалық химия

Пәннің мазмұны

1. Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтары

Атом-молекулалық ілімінің пайда болуы және дамуы. М.В.Ломоносовтың, Дальтонның жұмыстары. Масса және энергия сақталу заңы. Прустың құрам тұрақтылық заңы. Дальтонның еселік қатынас заңы. Химиялық эквивалент. Эквиваленттер заңы. Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы. Авогадро заңы және одан шығатын қорытынды. Атом-молекулалық теорияның негізгі қағдидалары.Атомдар, молекулалар, олардың мөлшері мен массасы. Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар. Авогадро саны. Моль – зат мөлшерінің өлшемі. Мольдік масса көлем. Газдың мольдік көлемі. Атомдық және молекулалық массаларын анықтау тәсілдері. Заттың мольдік массасы. Эквивалент және эквиваленттік массалар арасындағы қатынас. Газ заттардың молекулалық массаларын анықтау. “Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер. Химиялық элементтің ұғымының эволюциясы. “Химиялық элемент және жай заттың ұғымдарының ара қатынасы. Изотоптар. Жәй заттар. Аллотропия. Күрделі заттар элементтердің қосылыстарда болуының бір түрі.

Химиялық реакциялар және олардың әрекеттесуші заттардың әсерлерінің сипатына орай жіктелуі (алмасу, тотығу-тотықсыздану, комплекс түзу). Химиялық реакциялардың теңдеулері. Заттардың массалары мен көлем мөлшерлерін пайдаланып стехиометриялық есептеулер жүргізу.

2. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы

ИЮПАК бойынша бейорганикалық заттардың номенклатуралық ережелері. Күрделі заттардың құрамы бойынша жіктелуі. Бинар қосылыстар. Гидридтер. Оксидтер, пероксидтер,супероксидтер, халькогенидтер, галогенидтер, нитридтер, карбидтер және т.б. Бинар қосылыстардың номенклатурасы. Қышқылдар, тұздар. Күрделі заттардың функционалдық белгілері бойынща жіктелуі. Тұз түзуші және тұз түзбейтін оксидтер.

Гидридтер. Оксидтер, пероксидтер, супероксидтер, халькогенидтер, галогенидтер, нитридтер, карбидтер және т.б. Бинар қосылыстардың номенклатурасы. Қышқылдар, тұздар. Күрделі заттардың функционалдық белгілері бойынша жіктелуі. Тұз түзуші және тұз түзбейтін оксидтер. Қышқылдық, негіздік және амфотерлі оксидтер. Оксидтердің номенклатурасы. Негіздер. Бір және көп қышқылды оксидтер. Сілтілер. Негіздердің номенклатурасы.

Қышқылдар: оттекті және оттексіз. Бір және көп негізді қышқылдар. Қышқылдардың номенклатурасы.

Тұздар: орта, қышқыл, негіз. Аралас және қос тұздар. Тұздардың номенклатурасы.

3. Атом құрылысы

Атом күрделі екендігі жайындағы экспериментальдық негіздемелер. Электронның ашылуы. Радиоактивтілік α-, β-, γ- сәулелері және олардың сипаттары. Атомның Томсон ұсынған моделі. α- бөлшектерінің сейілуі бойынша жүргізілген Резерфордтың тәжірибелері. Атом планетарлық моделі, оның жетістіктері және кемшіліктері.

Сәуле шығуының корпускулярлық- толқындық дуализмі. Планк теңдеуі. Атомдардың спектрлері.

Бор бойынша сутегі атомының теориясы. Сутегі атомының спектрі. Сутегі атомының Бор бойынша теориясының қайшылықтары. Бөлшектердің корпускулярлық-толқындық дуализмі. Де-Бройль толқындары. Гейзенбергтің анықталмағандық ұстанымы. Стационарлық күй үшін Шредингердің толқындық теңдеуі туралы ұғым.

Сутегі атомының кванттық-механикалық моделі. Кванттық сандар электронның атомдағы күйін анықтайтын параметр ретінде. Бас (n), орбиталь (1), магниттік (m), кванттық сандар. Кванттық сандардың физикалық мәні. Спиндік кванттық сан. Электрондық бұлт жөнінде ұғым.

Атомдарда орбитальдардың толуының үш ұстанымы: энергияның ең төменгі Паули ұстанымы, Гунд ережесі. Атом орбитальдарының толу реті. Клечковский ережесі. Электрондық формулалар.

Ядро протондарымен нейтрондарының динамикалық жүйесі. Тұрақты және тұрақсыз ядролар. Ядролық реакциялар және химиялық элементтердің өзгеруі.

Атомдар радиусы, иондану энергиясы қасиеттерінің периодтық өзгеруі. Электронға жақындық. Электртерістілік. Салыстырмалы электртерістілік.

4. Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Д.И.Менделеевтің өмірі және ғылыми-педагогикалық жұмыстары. Химиялық элементтерді жіктеудің алғашқы адымдары.

Д.И.Менделеевтіңпериодтық заңды ашуы. Элементтердің табиғи жүйесін құрудың ұстанымы. Д.И.Менделеевтің теориялық болжамдарының іс-жүзінде расталуы.

Периодтық заңның жаңа анықтамасы. Периодтық жүйе элементтердің табиғи жүйесі. Периодтық жүйенің ұзын және қысқа түрі. Периодтар, топтар, топшалар.

Периодтық жүйедегі элементтердің орны мен олардың атомдарының электрондық құрылысымен байланысы. S-, p-, d-, f- элементтер. Элементтердің хииялық қасиеттерінің периодты және периодты емес өзгеруі. Атомдардың радиустарының, иондану энергияларының, электронға жақындығының және электртерістіліктерінің олардың ядро зарядтарының өсуі бойынша өзгеруі.

Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың электрондық конфигурациясының периодты өзгеруінің белгісі. Периодтық заңның ашылуының ғылымның дамуындағы маңызы.

5. Химиялық байланыс

Химиялық байланыстың мәні туралы көзқарастың эволюциясының қысқаша очеркі. Химиялық байланыстың негізгі типтері: коваленттік және иондық.

Коваленттік байланыс. Коваленттік байланыстың қазіргі кездегі теориялары жөнінде ұғым. – ВБ және МО әдістері. Химиялық байланыстың негізгі сипаттары: энергиясы, ұзындығы, бағыты. Ковалентті байланыс түзілуінің екі механизмі: дара электрондардың ортақтасуы (алмасуы) және донорлық-акцепторлық. Ковалентті байланыстың қасиеттері: қанығуы, бағыты, поляризациялануы. σ- және π- бйланыстар. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі. Гибридтену типтері және молекуланың геометриясы. Байланыстың полюстігі және молекуланың полюстігі. Дипольдік момент. Валенттік туралы қазіргі кездегі көзқарас. Атомдардың коваленттілігі. Атомдардың валенттік мүмкіндіктері. Ковалентті байланысы бар қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесі.

Молекулалық орбитальдар әдісі (МОӘ). Әдістің физикалық идеясы: электрон тығыздығының барлық ядролар арасында делокализациялануы. АОСК әдісі.

Байланыстырушы және босаңдатушы МО. Молекулалық орбитальдардың толу ұстанымы. Молекулалардың энергетикалық диаграммасы әне электрондық формулалары.

Комплекс қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты. Оны валенттік байланыстар әдісі тұрғысынан қарастыру.

Ішкі және молекулааралық сутегіндік байланыс. Сутегіндік байланыстың биологиялық үрдістерегі маңызы.

Иондық байланыс. Молекулалардағы және қатты денелердегі катиондар мен аниондар. Иондық байланыстың қанықпауы және бағытсыздығы.

Кристалл торларының типтері: атомдық, молекулалық, иондық. Заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың сипатымен кристалл торларының типтеріне байланыстылығы.

6. Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты

Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Химиялық қосылыстардың түзілу жылуы. Гесс заңы. Жүйенің ішкі энергиясының өзгеруі. Энтальпия. Энтропия туралы ұғым. Изобарлы-изотермиялық потенциал (Гиббс энергиясы). Әртүрлі жағдайларда үрдістердің бағытындағы энтальпиялық және энтропиялық факторлардың ролі. Химиялық реакцияның жүру мүмкіндігін бағалау үшін бастапқы және реакция өніміндегі заттардың түзілуінің стандарттық энтальпия және стандарттық изобарлық потенциалдарының кестедегі мәндерін пайдалану.

7. Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік

Химиялық реакция жылдамдығы. Оның сандық мәні. Шынайы және орта жылдамдық. Химиялық реакцияларға әсер ететін факторлар. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тәуелділігі. Массалар әсер заңы. Оны гомогендік және гетерогендік жүйелерге қолдану. Реакция жылдамдығының константасы. Гетерогендік ортада беттік қабатфакторның реакция жылдамдығына әсері. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі, реакцияның температуралық коэффициенті. Активті молекулалар және үрдістің активтену энергиясы туралы ұғым.

Катализ. Реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Катализдің түрлері: гомогенді, гетерогенді, оң және теріс катализ, ингибитор жөнінде ұғым. Катализатор ретінде ферменттердің ерекшеліктері. Катализді өнеркәіпте пайдалану. Катализатордың биологиялық үрдістердегіролі.

Қайтымсыз және қайтымды химиялық реакциялар. Химиялық үрдістердің қайтымдылық және қайтымсыздықтарының шарты. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы. Ле-Шателье ұстанымы. Әрекеттесуші заттардың концентрациясын, қысымды және температураныөзгерту кезіндегі химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Қайтымды үрдістердегі катализаторлар. Химиялық реакцияның жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік туралы ілімнің химиялық үрістерді басқарудағы маңызы.

8. Ерітінділер

Дисперстік жүйелердің қысқаша сипаты және олардың жіктелуі. Жүзгіндер (суспензиялар, эмульсиялар), коллоидтық жүйелер, шынайы ерітінділер. Еру үрдісінің механизмі. Еру кезіндегі сольватация (гидратация). Ерітінділер теориялары жөнінде Д.И.Менделеевтің жұмыстары.

Еру үрдісінің термодинамикасы. Заттың еру жылуының кристалдық тордың энергиясымен және зат молекуласының немесе оның диссоциациялану өнімдерінің гидраттану жылуымен байланысы.

Қатты заттардың суда ерігіштігі. Ерігіштік коэффициенті және оның температураға тәуелділігі. Ерігіштік сызықтары. Қанық ерітінді динамикалық тепе-теңдіктегі жүйе. Коисталлогидраттар.

Ерітінділер концентрациясы. Ерітінділер концентрацияларын көрсетудің әдістері. Процент бойынша еріген заттың массалық үлесі. Ерітінді концентрациясын тығыздық бойынша сипаттау. Моляр, нормаль концентрациялар. Титр. Әртүрлі концентрациялы ерітінділер даярлау үшін есептеулер. Ерітінділер дярлау әдістемесі. Концентрлі қышқыл және сілті ерітінділерімен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Предыдущая статья:Составная часть документа. Из собрания сочинений Герцен, А. И. Тиранство сибирского Муравьева.. Следующая статья:Электролит ерiтiндiлер
page speed (0.0089 sec, direct)