Всего на сайте:
119 тыс. 927 статей

Главная | Политика

Дәріс. Саяси билік .  Просмотрен 334

Билік саясаттану ғылымының негізгі зерттеу мәселесі жэне оның басты категориясы болып табылады. Ғылыми әдебиетте биліктің соның ішінде саяси биліктің бір-біріне қарама-қайшы көптеген анықтамалары белгілі. Бұл осынау құбылыстың күрделілігі және сан-алуан аспектілігінен туындайтын жағдай. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде билік қоғамдық сипатта болды да оны рудың, тайпаның мүшелері бірге жүзеге асыратын, олар өздеріне көсемді сайлап алатын. Әлеуметтік жіктелудің артуы мен мемлекеттің пайда болуының нәтижесінде көсемнің беделі ресми биліктің беделіне орын береді. Билік аппараты, айрықша мәжбүрлеу мекемелері пайда болады. Олар мемлекет бейнесінде қоғамнан бөлініп, оған үстемдік жүргізе бастады. Саяси билік пен билік түсінігінің бір емес екендігі белгілі. Үйткені билік ұғымының мағынасы кең, біз билік дегенде оның дін басыларына, кәсіподақтарға, от басына, әсіресе ата-аналардың балаларға қарым-қатынасына да тән құбылыс екенін білеміз. Билік теңеу (метафра) ретінде де кең қолданылады. Мысалы дәстүрдің, жол-жоралғылардың, идеялардың, махаббаттың және т.б билігі туралы айтылып жатады. Биліктің анықтамасының алуан түрлілігі, оны зерттеуде түрлі тәсілдерді қалыптастырды: теологиялық (діни), құрылымдық, құрылымдық-функционалдық, реляционалистік және т.б. Саяси ғылымда биліктің саяси сипаты бірінші кезекте сөз болып, билік негізінен саяси билік ретінде қарастырылады. Сонымен бірге зерттеушілердің басым көпшілігі, билік - соның ішінде тек қана мемлекет, оның институттары мен лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын билік қана саяси билік бола алатындығына баса назар аударады. Ол өзінің ішкі ұйымдасуының мінсіздігі мен тәуелділердің өзіне бағыныштылығының деңгейімен ерекшеленеді. Мемлекет – саяси биліктің бірден – бір және негізгі қайнар көзі болып табылады.

Мемлекет саясат бар жерде ғана өмір сүреді, ал саясат мемлекетсіз де жүзеге асуы әбден мүмкін. Мұның жарқын мысалы ретінде – сан алуан халықаралық ұйымдардың өзара саяси қарымқатынастарын айтуға болады, үйткені олар өздерінің іс әрекеттерінде басым мәселелер бойынша ең болмағанда ресми түрде мемлекеттен тәуелсіз екендігі даусыз. Сонымен “мемлекет” және “саясат”, “мемлекет” және “саясилық” түсінігінің бір – бірімен біте қайнасып кеткендігі белгілі болды. К. Шмитт “... мемлекет дегенімізде саясилық еске түседі” –деп, әділ атап өткен болатын Оның айтуы бойынша, - “мемлекет дегеніміз халықтың территориялық тұйқтықта ұйымдастырылған саяси статусы.

Мемлекет осы сөздің мағынасы мен мәні бойынша да, сондай-ақ оның тарихи құбылыс ретіндегі көрінісі бойынша да халықтың белгілі бір статусы ”. Шмиттың пайымдауы бойынша “статус” пен “халық” түсінігі саясилық елегінен өткізгенде өзара тең бір мағынаны білдіреді.

Бірқатар авторлар саясилық анықтамасын ашуға талаптанғанда басты категория ретінде “билік” түсінігін пайдаланады. Мысалы американдық саясаттанушы Дж.Кетлин “саяси ғылым биліктің қоғамдағы орнын анықтау болып табылады дейді.”

Биліктің жалпы белгілері төмендегідей:

Біріншіден, ол қоғамдық сипатта болады, себебі ол қоғамдық қатынастан туындайды (адамдар, топтар, таптар, және т.б. арасындағы қатынастар,).

Екіншіден, ол авторитарлық сипатқа ие, себебі биліктің объектісі қандай нысанда жүзеге асырылуынан тәуелсіз (бедел, құқық, зорлық және т.б.) оның субъектісінің жігеріне бағынады.

Үшіншіден , ол тарихи әмбебаптылық сипатына ие, себебі билік адамзат тарихына ұдайы бар болуы нәтижесінде, қоғамдық өндірісті биліктен тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Билік жоқ жерде қоғамдық тұтастықтың болуы да мүмкін емес.

Биліктің жалпы белгілерінен басқа оған тән элементтерде бар:

• билік қатынастарында кемінде екі әріптестің болуы, бұл әріптестер ретінде жеке адамның, топтың, таптың болуы мүмкін;

• билікті жүзеге асырушы жарлықтың болуы, яғни билікті жүргізушінің билік жүргізілушіге деген еркінің көрінуі, сондай-ақ тапсырма орындалмаған жағдайда шара қолданылатындығы туралы ескертудің болуы қажет;

• Билік жүргізушінің жарлықта көрінген еркіне бағыныштылықтың болуы;

• Жарлық берушінің оны беруге құқылығы мен оған бағынудың міндеттілігі туралы қалыптасқан қоғамдық қағиданың болуы.

Бұл төрт элементтің болуы билікке анықтама беру үшін қажет:

• Билік – жалпы айтқанда өзіңнің еркіңді жүзеге асыру, яғни адамдардың іс-әректі мен мінез-құлқына белгілі бір құралдар: бедел, құқық, зорлық және т.б. арқылы ықпал ете алу мүмкіндігі.

• Билік - саясаттың жүзеге асыру негізі және құралы болып табылады. Билік пен саясаттың өзара байланысына диалектикалық сипат тән, олар өзара себептік-салдарлық тәуелді байланыста; Егер билік саясатты жүзеге асыру құралы болса, ал сол биліке жету және оны сақтау саясаттың басты мазмұны болып табылады.

Саясат секілді, билікке де әмбебаптылық сипат тән:

• Жалпыға бірдейлік (қоғамдық өмірдің барлық салалары мен саяси үрдістің өн бойында қызмет етеді);

• Инклюзивтілік, яғни іс-әректтің барлық салаларына кіріс кетуге, адамдарды, топтарды және таптарды жұмылдыруға яки бір-біріне қарсы қоюға қабілеттілік.

Билік саясатты жүзеге асырудың бірден-бір ұйымдастырушы, реттеуші-бақылаушы құралы және тәсілі ретінде қызмет ету барысында сан-алуан көріністерде көрінетін әмбебап, тұтас бір бастау болып табылады.

Саяси билік нақты нәтижелерге жетуі үшін, яғни алдына қойған мақсаттарын орындауы үшін, ол бірқатар ресурстарға арқа сүйеуі қажет.

Ресурстардың төмендегідей жіктелуі белгілі:

• Экономикалық (өндіріс пен тұтынуға арналған материалдық құндылықтар);

• Әлеуметтік (әлеуметтік құрылымдағы орнының, дәрежесінің, әлеуметтік статусының өсуі яки төмендеуінің мүмкіндігі);

• Куштеу (қару, мәжбүрлеу аппараты және т.б.)

• Демографиялық (адам ресурс ретінде, басқа ресурстарды жасаушы);

Ресурстар, объекті мен субъектілермен бірге биліктің маңызды негіздерінің бірі болып табылады. Оны марапаттау, жазалау яки сендіру құралы ретінде қолдану мүмкін. Биліктің негізі деп оның базасын, субъектінің биліктік ерік-жігері арқа сүйейтін негіз және бастауды айтамыз.

Саяси билік бірқатар белгілерімен: жариялылығымен, үстемділігімен, бұқаралығымен, орталықтандырылғандығымен, ресурстардың сан-алуандылығмен ерекшеленеді.

Саяси биліктің қабілеттілігінің механизмін: үстемдік, басшылық, басқару, ұйымдастыру және бақылау құрайды.

Биліктің функционалдық міндеті басқарудың мақсатарын жүзеге асыру болып, бұл арада үстемдікті қамтамасыз ету және билік жүргізуші мен бағыныштының ара қатынасын реттеу болып табылады. Мемлекетті билік жүргізусіз, үстемдік етушілер мен тәуелділерсіз көз алдыңа келтіру мүмкін емес. Оның үстіне билік құбылысы қоғамдық қатынастарға тән. Дегенмен биліктің сан алуан бастау көздері мен тіректері болуы да ғажап емес, ол сонысымен ерекешеленіп, ерекше бір құбылыс болып табылады.

Биліктің жарыққа шығуының алуан түрлері мен жүзеге асырылуының көп қырлылығы айтылады:

• Зорлық пен мәжбүрлеу;

• Жазалау мен марапаттау;

• Бақылау мен басқару;

• Бәсекелесу мен бірлесіп істеу;

Ол сондай-ақ кертарпа болуы да, сонымен бірге позитивті сипатта болуы да мүмкін. Сондықтан да биліктің функциясын тек қана зорлық – зомбылыққа жатқызу дұрыс болмаған болар еді. Оның үстіне көптеген саясаттанушылардың пікірі бойынша заңмен санкцияланбаған зорлықтың билікке ешқандай да қатысы болуы мүмкін емес. Мысалы М.Дюверже күш пен (puissance) биліктің ара жігін (pouvoir) бөліп қарастырады:

• Бірінші жағдайда әңгіме тек қана өзгелерді міндеттеу мен мәжбірлеу мүмкіндігіне негізделсе;

• Екінші жағдайда әңгіме мәжбүрлеушінің өзінің амалдарының заңдылығы мен орындалудың міндеттілігіне деген сеніміне негізделеді.

Күш пен табиғи мәжбүрлеу - бұл күштінің өзінің қара күшінің артықшылығына сүйеніп әлсізге өзінің өктемдігін өткізудің анайы “заңдылығы” болса, саяси билік жағдайында мәжбүрлеудің кез келген түрі – оның жүзеге асырылуының заңды механизмдерінің бірі болып табылады.

Биліктік қарымқатынаста тәуелді жанның осы қатынастардың бір элементі, құрамдас бөлігі екендігін есте ұстағанымыз жөн. Үйткені тәуелділерсіз билік процесінің өзі болуы тіптен мүмкін болмаған болар еді. Сол себепті те билік тек үстемдік жүргізу барысында ғана көрініп қоймай, сондай – ақ адам мен адам, адам мен қоғам, әлеуметтік топтар, таптар, мемлекеттер, мемлекеттік одақтар арасындағы тәуелділіктің, тәуелсіздік пен өзара қарымқатынастың динамикалық формалары арқылы да көрініс береді.

Саяси биліктің түрлері.

Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет мынандай сипаттармен айқындалады:

 

1) Бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады.

2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі.

Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады. Соңғы уақытта мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын аппарат деп келеді. Бұл дұрыс та. Тек бұл қырынан келіп қарау маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай қорытындыларға келеміз:

1) Мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның дамуына және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді.

2) Бұл процесс өз мүдделеріне сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың шығуына әкелді.

3) Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті функцияларды талап етеді.

4) Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады.

5) Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.

Осы аталғандардан келіп биліктің төмендгідей маңызды функциялары шығады:

1) Мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе экономикалық үстем таптардың мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар мен жіктердің мүддесін басуға бағытталады, одан кейін ел тұрғыныдарының мүдделерін үйдестіру және келістіру, үшіншіден, сыртқы шабуылдан қорғау.

2) Басқару арқылы ортақ мүддені қанағаттандыру – бүкіл қоғамның міндеттерін әкімшілік жолымен орындау.

Бірінші міндет қоғамның ыдырауына жол бермейтін қажеттіліктен туады. Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың мүдделеріне тағы басқа топтардың қосылуы мүмкін. Онда олардың ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.

Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы биліктің рөлі ерекше.

Елдің халқын басқару саласында мәселе күрделі болып келеді. Бұл мәселеде әртүрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің барлық функциялары елдің қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп қарастырылады, заң шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны «әкімшілік» деп атайды. АҚШ-та оны бұқаралық «әкімшілік» дейді.

 

Жалпы теория мен практикада биліктің функцияларын: заң шығарушы, соттық және атқарушы деп бөледі. Мемлекет басшысының функциясы тағы бар. Билікті жүзеге асыратын подфункциялар да бар. Америкалық саясаттанушы Л.Уайт мемлекеттік басқару органдарын үш топқа бөледі:

1) штабтар — өзі орындай алатын шешімдерді қабылдайтындар;

2) жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;

3) көмекші қызметтер – штабтар мен жедел қызметтердің қажеттегідей жұмысына жағдай туғызатындарды атайды.

Барлық мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің мемлекеттік органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару органдарының аппараты, олар мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік басқару, мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік ұйымдардың барлығын орталық және жергілікті деп екіге бөледі.

Бір сөзбен айтқанда, басқарушы, егеменді мемлекеттік органдар — саяси билік болып табылады. Ең бастысы «билікті бөлу» болып табылады. Социалистік мемлекетте билікті бөлісу жоқ, тек әртүрлі компетенциясы бар деген ұғым қалыптасқан. Ал компетенцияның өзі билікті бөлісу емес пе, марксизм-ленинизм классиктерінің өзі оны мойындайды.

Қазіргі билікті бөлу мәселесінде Монтескьенің идеясы жатыр: заң шығару, орындаушы, сот билігі, оларға қоса мемлекет басшысының билігі бар. Билікті бөлу тұрғысынан саяси биліктің жұмыс істеуі: аралас билікте, билікті бөлісуде, биліктердің ынтымақтасып жұмыс істеу жағдайларында мүмкін болады. Аралас билікте мемлекет басшысы заң шығару, орындау, сот биліктерін аралас жүргізе алады.

Саясат ғылымында атқарушы билікке ерекше мән бріледі. Әкімшілік қызметтің барысы тұтасымен алғанда елдің жағдайын тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функциялары:

1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау, тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік –саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру – сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және басқалары.

2) Экономикалық функциялары. Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет елдің экономикасын мемлекет тарапынан реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын проблеманың ең бастысы саясаттың экономикаға ықпал ету шегі мен оның берер нәтижелері. Экономикалық заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Сондықтан мемлекеттік билік экономиканың дамуына өте тиімді ыпал жасауы қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей саяси басшылық экономикалық басшылықты ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен айналысқан мемлекеттік билік тұтыну, қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін бақылап отыруы қажет.

Саясаттанушы Д.Кейнстің идеясы бойынша нарықтық экономикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек, тұтынушылардың тұтыну қабілеті өндіріс құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс. Ол үшін мемлекет салық, бюджет, инвестициялық және несие саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты елдерде экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық жұмыстар арқылы жүргізіледі.

1) Байланыс және коммуникациялық функциялары.

2) Әлеуметтік функциялары.

3) Мәдени-тәрбиелік функциялары.

Мемлекеттік аппараттың әкімшілік функциялары:

1) Жағдайды, терең әлеуметтік құрылымдардың жағдайын талдау.

2) Бағдарламалық шешімдерді жасау.

3) Заңдық қызмет – бағдарламаларды заңдарға сәйкестендіру арқылы талдау.

4) Финанстық қызмет – жеке бағдарламалардың бюджетін анықтау, мемлекеттің бюджетін әкімшілік жағынан дайындау.

Жеделдік (оперативтік) функцияларына:

1) Кадрлық қызмет.

2) Ұйымдастыру қызметі.

3) Ақпараттық-психологиялық қызмет.

4) Бақылаушылық қызметі.

Ендігі бір маңызды мәселе мемлекеттік аппараттың жетекші партиямен байланысына қатысты. Бірпартиялық жүйеде ол белгілі. Ал көппартиялық жүйеде жетекші партия, үкіметтік партия басшы рөл атқарады.

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін түсінуде азаматтық қоғам мен жергілікті мемлекеттік биліктің қарым-қатынасын талдап білу керек. Қазіргі кезеңде кейбір саясаткерлер жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлтаралық шиеленісті өршіту үшін пайдалануды көздеуде.

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі туралы мәселе де маңызды орын алады. Қанша мемлекеттік қызметкерлер қажет? Парламентаризм және көппартиялық жағдайда билікке қабылеті жеткіліксіз адамдар келуі мүмкін. Сондықтан қазіргі жағдайда бұл барлық елдерді толғаныдырады. Оның өзі билік мәселесі бойынша технократиялық теорияларды туғызуда.

Оның мәні: үкіметтің билігінде ғалымдар, мамандар отыруы қажет деген сөз. Басқаша айтқанда, техниктер, инженерлер және ғалымдар басқаруы қажет. Бұл технократ-мамандардың билігі деген сөз.

Қоғам дамуында әлеуметтік процестердің техникалық, экологиялық, экономикалық, саяси, құқықтық, рухани күрделене түсуіне байланысты аталмыш проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы шешудің қажеттігі шығады. Кейбір нақты мемлекеттік басқару органдарына маманларды енгізу өзін-өзі ақтайтын практика: мәселен, консультанттар, кеңесшілер, сарапшылар, т.б. Практика көрсетіп отырғандай, маман мен саясаткерді үйлестіру мемлекеттік қызметке өте пайдалы адамды тартуға болатындығын дәлелдеп отыр. Батыс елдерінде мемлекеттік қызметкерлерді кеңінен дайындау және мамандандыру қолға алынған. Ол үшін социогуманитарлық университеттік білім үстем болуда. Сонымен қатар лауазым – шені, класность тобы, рейтингісі іскерлік қасиетіне берілген ұпайы ескеріледі.

 

Мемлекеттік құрылымның жүйесін айқындау екі түрлі жолмен белгіленеді: субординациялық-әкімшілік (командалық-бұйрықтық) және өкілділік-демократиялық (халықтың, өкілдердің қатысумен) жолмен.

Мемлекеттік жүйелердің бірнеше типі бар: құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекеттер. Жоғарғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттер: автократиялық, олигархиялық, демократиялық болады да, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республикалық болып бөлінеді.

Олигархия — мемлекетті басқару тетігінің азғана топ адамның қолына көшуі. Оның мәні: өздерінше тіл табысқан, түсініскен, мақсат-мүддесі ортақ бір топ адамның ашықтан-ашық немесе құпия әрі астыртын айламен мемлекеттік аппаратты, негізгі өндіріс құралдарды, банкілерді, қаржылық және әскери-жазалаушы күштерді қолына алу арқылы үстемдігін орнатуы.

Охлократия — қара тобыр халықтың билігі. Саяси режимнің қолға сирек түсетін ерекше түрі – мұндай жағдайда мемлекеттік аппаратты басқару нормалық-құқықтық, моральдық құндылықтар мен дәстүрлер тәжірибесінде сыналған қатал негізде емес, саяси демагогтардың ықпалымен шапшаң өзгеріп отыратын қара тобырдың көңіл-күйі негізінде жүріп отырады.

Биліктің халық тобырының қолына өтуі қоғам мен мемлекеттің дамуының аласапыран, өтпелі кезеңінде мүмкін болады, яғни дәстүрлі биліктің нағыз дағдарысы кезінле қоғамның мұндай жағдайы барлық кезде тиянақсыз болады, елдің халқының басым көпшілігінің тез арада-ақ наразылығын қоздырады. Және ол басқарудың, не демократиялық немесе авторитарлық түріне ұласып кетеді. Мұндай жағдай тарихта көп кездеседі.

Плутократия – байлыққа кенелген алпауыттардың биілігі. Біріншіден, саяси құрылыстың биілігі қоғамның ең бай, ықпалды тобының қолында болуы. Екіншіден, биліктің үстем таптың ең ауқатты тобының жүргізуі. Аристотель мемлекеттің аталған үш түрін де қолайсыз мемлекеттер деп атаған.

Сонымен қатар қызмет жасауы (функционирование) жағынан субординациялық-әкімшілік және өкілділік-демократиялық болады, биліктің әрекет жасау сипаты жағынан: деспотиялық, диктаторлық, либералдық, бюрократиялық болып келеді, ал ұлттық-территориялық құрылымы жағынан: унитарлық, федералдық, конфедералдық болып та бөлінеді.

Биліктің әлеуметтік жүйесі

Саясаттануда саяси биліктің төмендегідей функциялары айқындалған:

• Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру;

• Қоғамдық саяси қатынастар мен саяси өмірді ұйымдастыру;

• Түрлі деңгейлердегі мемлекеттік және қоғамдық істерді атқару;

• Билік органдарына, саяси және саяси емес процестерге басшылық жасау;

• Саяси және басқа да қатынастарды бақылау;

• Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтың үстемдігін қамтамасыз ету;

• Адамдардың қоғамдық өмірін басқару, белгілі-бір әлеуметтік үлкен топтардың мүдделері тұрғысынан қоғамдық тәртіпті сақтау;

• Қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Биліктің легитимділігі (латынша заңдылығы)

Биліктің легитимділігі дегеніміз – қызмет атқарып отырған билік тұтқасының басқару құқығын, оның заңдылығын халықтың мойындауы және оның талаптары мен мақсаттарының әділдігін оң қабылдауы. Неміс ғалымы М.Вебер легитимділікке жетудің үш жолын атап көрсетеді:

• Дәстүрлі легитимділік. Ол дәстүр жалғастығына сүйенеді. Билікке бас ию, бағыну әдеті бұлжымас әрі қасиетті борыш есебінде қарастырылады.

• Харизматикалық легитимділік. Ол билік басындағы адамның, көсемнің айрықша дарынына, ерекше қасиетіне, күшті беделі мен құдіретіне деген сенім мен бас июді білдіреді.

• Либералдық демократиялық, конституциялық легтимділік. Оның негізінде қалың көпшіліктің билік тұтқасы тарапынан атқарылып жатқан істің оңдығына деген сенім мен ынтасы, саналы бағынуы жатады. Легитимділіктің бұл түрі демократиялық даму бағытын ұстанған қоғамға тән.

Негізгі әдебиеттер: 9 [34-37]

Қосымша әдебиеттер: 1 [27-37], 4 [69-99], 13ч.1 [102-144], 7 [46-68], 8[51-61], 28[61-80]

Предыдущая статья:Показання патрульного у кримінальному провадженні Следующая статья:Дәріс Саяси элита және саяси көшбасылық.
page speed (0.0123 sec, direct)